Ұлытау ауданында орналасқан Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер негізінде жасалған археологиялық жаңғыртпаның тұсаукесері өтті

Ұлытау ауданында орналасқан Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер негізінде жасалған археологиялық  жаңғыртпаның тұсаукесері өтті

Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан Болған ана кесенесінен табылған жәдігерлер негізінде жасалған археологиялық жаңғыртпаның тұсаукесеріне Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы арнайы қатысып,құттықтау сөз сөйледі.

Ерте заманнан бері белгілі болған кесененің нақты археологиялық жұмыстары 2018 жылы Қарағанды қаласы әкімдігінің бастамасымен жүргізілген. Қазба жұмыстары барысында өте құнды археологиялық олжалар табылды. Табылған заттардың ішінде алтын ыдыс, сырға, ер-тоқымның қалдықтары, айна және кішкентай тар пышақ түріндегі кездік бар. Жібек матадан тігілген шапанның табылуы бұл қазба жұмыстарының тағы бір ерекшелігін нақтылады.

Ғылыми-сараптамалық жұмыстардың нәтижесінде тарихи тұлғаның нақты өмір сүрген уақыты анықталып, генетикалық тұжырымдар жасалды. Болған ана кесенесінен табылған антропологиялық деректер негізінде Қазақстандағы алғашқы гипер-реалистік мүсін дайындалып, шапаны мен қосалқы жәдігерлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

Жомарт Шаймұрат
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5457
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5610
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19209
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22672