Ұлытау облысы әкімдігінің телеграм каналы: «Ұлытау аумағында көп ауып келіп жатқан киіктер нөпірі байқалып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл көрініс киіктердің жылы жаққа кетуге кешігіп қалғандығынан болуы ықтимал. Осыған орай Ұлытау облысы әкімдігі мен басқа да тиісті ұйым өкілдері жануарларға аса қауіпті аймақ саналатын теміржол бойында орналасқан темір торларды ашып, киіктердің тосқауылсыз өтуіне жағдай жасады», – деп хабарлайды. Еске салсақ, Қазақстанда киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалануға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылған еді.