Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы сайланды

Ұлытау облысы мәслихатының хатшысы сайланды

8 маусым Жезқазғанда облыстық мәслихаттың бірінші сессиясы өтті. Хатшы лауазымына Amanat партиясының Қарағанды филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Шыңғысов тағайындалды.

Сессияға он екі депутаттың он бірі қатысты, сондай-ақ тұрақты комиссиялардың құрамын бекіту, мәслихат аппаратын қалыптастыру сияқты ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Бауыржан Шыңғысов – Жезқазғанның тумасы. Жүйе құраушы кәсіпорындарда, сондай-ақ мемлекеттік қызметте – Жезқазған әкімінің орынбасары және әкімі болған, Сәтбаевты басқарған.

2016 жылы VI шақырылымның депутаты, ал 2021 жылы VII шақырылымның Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Әлеуметтік-мәдени даму және әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа үш облыс – Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру туралы Жарлығы заңды күшіне енді.

 

                                                                                                        

Жомарт Шаймұрат
09.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Иран МАГАТЭ-ні неге айыптады?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 09.10.2025 295
ЖЕҢІМПАЗҒА КӨЛІК сыйға тартылды
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 09.10.2025 281

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18704
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18565
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33734
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32282
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36077