Ұрпақ қамын ойласақ балалар журналы «Мөлдір бұлаққа» жазылайық!

Ұрпақ қамын ойласақ балалар журналы «Мөлдір бұлаққа» жазылайық!

Жалпыұлттық «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері «Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналы 2002 жылдан бері ай сайын жарық көріп келеді. Жоғары интеллектілікке бағытталған басылымда жас оқырмандарға арналған түрлі қызықты материалдар, сөзжұмбақтар, оқушылар шығармашылықтары, өлеңдері мен салған суреттері, ғибратты әңгімелер үзбей жарияланып отырады. Қазақ елінің келешегін жарқын етер жас зиялыларымыз үшін 1 бет ағылшынша, 4 бет орысша берілетін материалдар да бар. Мұқабаның бірінші бетінде таңдаулы мектеп, үздік оқушы, өнегелі шәкірт, ғылымның соңғы жетістігі секілді көрнекті суреттер болады. Соңғы бетінде балаларды ойландыратын сезгірлік пен көрегендікке бағытталған «құпия сурет» беріледі. Жалпы журналымыз 32 беттен тұрады. Журнал айына бір рет шығатындықтан жас ұрпаққа өмірде болып жатқан оқиғаларды, жастарға қызықты жаңалықтарды сараптамалық талдау тұрғысында жариялауға тырысамыз. Журналдың басты ерекшелігі – еліміздің барлық өңірлеріндегі білімді, ақылды, дарынды жастарға бағыт-бағдар беріп, олардың жан-жақты дамуына әсер ету. Аймақтардағы оқушылар арасында жазуға бейімділігі бар шәкірттерден «Жас тілшілер» қосынын даярлап, болашақ журналистерге өріс ашып келеміз.

«Мөлдір бұлақ» журналында «Өнер», «Мен сені жақсы көрем, өмір!», «Туысқан ел әдебиеті», «Аударма», «Көкжиек», «Біліп жүр», «Қолың қалт еткенде», «Жүздесу», «Базарлық», «Спорт», «Табиғат тылсымдары», «Ата-ана назарына», «Біздің мұқабада», «Алуан-алуан жүйрік бар», «Сарап», «Біз де бала болғанбыз», «Мінбер», «Сұхбат», «Жас талап», «Шығармашылық шыңы», «Кітап – қазына», «Ертегі», «Біздің мақтанышымыз», «Хаттар-хаттар», «Балғын бояу шеберлері», «Ботақан», «Бақшадағы бүлдіршін беті», «Ойың ұшқыр болсын, балақай!», «Кім болам?», «Мамандықтар маңызы», «Жүрекжарды», «Таным» «Мектеп жаңалықтары», «Өнердің жүзіп өріне», «Мәдениет», «Алтын көпір», «Мықты болсаң тауып көр», «Сөз өнері», «Ізгі тілек», «Денсаулық», «Ойын ой өсіреді», «Алтын ғасыр», «Дәуір дүрсілі», «Жадыңда жүрсін жас түлек», «Ата-аналарға кеңес» сияқты тұрақты айдарлар бар. Бұл айдарлар арқылы жас оқырмандарымызға түрлі танымдық, ойлау көкжиегін кеңейтер, ойды дамытар, білімдерін жан-жақты тереңдетер, тәрбиелік тағдырлы тұлғаларды қалыптастырып, түрлі қабілеттерді жетілдірер материалдар жарияланып тұрады.

Журналдың бір ерекшелігі – шығармашылықпен айналысқысы келетін жас таланттарға бағыт-бағдар беріп, жол көрсету, еңбектерін, ізденістерін қолдау мақсатында олармен қарым-қатынас орнату, басылым бетінде шығуына мүмкіндік беру. Бұл тұрғыдан «жас тілшілердің» атқарар рөлі орасан зор.

«Мөлдір бұлақ» журналы жыл сайын оқырмандарына арналған шығармашылық байқау өткізуді дәстүрге айналдырған. 2019 жылы өткен республикалық байқау «Мен оқыған керемет кітап» деп аталды. Байқауға қатысқан 150-ге тарта үміткерлердің 25-і үздік деп танылып, олар Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылар кітапханасында өткен марапаттау рәсіміне арнайы шақырылып, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, ұстаздары Құрмет грамоталарымен, ата-аналары Алғыс хаттармен марапатталды. Жеңімпаздар Қостанай, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Алматы, ОҚО, ШҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарынан, Алматы қаласындағы мектептерден келіп, марапаттау рәсімінен мерейлері өсіп, «Мөлдір бұлақ» журналының жас тілшісі деген куәліктерін алып қайтты. 2020 жылғы шығармашылық байқауымыз Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Жүрегімнің түбіне терең бойла» деп аталды. Бұл республикалық байқауға 132 оқырманымыз өз жұмыстарын жіберді. Қазылар алқасының іріктеуінен өткен 24 жас талант жеңімпаз болып, жүлдегер атанды. Олар Алматыдағы «Alatau Creative Hub» орталығындағы байқаудың марапаттау рәсімінде дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, ұстаздары Алғыс хатпен марапатталды. 2021 жылғы жариялаған республикалық байқауымыз Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Отан! Отан! Бәрінен биік екен!» деп аталады. Оған еліміздің барлық аймақтарындағы мектеп оқушылары тегін қатыса алады. Журналға жазылды деген квитанция түбіртегі мен эссесін moldir_bulak@mail.ru электронды поштасына жібереді. Үстіміздегі 2021 жыл тәуелсіздігіміздің 30 жылына тура келіп отыр. Биылғы 30 жылдықтың аясында көптеген мерекелі сәттерді атап өту арқылы отаншылдық пен патриоттық тәрбиені күшейтудің орайлы сәтін мықты игеріп, мемлекеттің болашағына қызмет ететін жастарды баулуды көздеп отырмыз. Журнал қоржынына материялдар легі көптеп келіп түсуде, оның үздіктерін жариялау арқылы, талантты шәкірттерді шабыттандырып келеміз.

Өте белсенді оқырмандарымыз журналдың жас тілшісі деген куәлік алып, ай сайынғы шығатын журнал үрдісіне араласып, мақалалары мен алған сұхбаттарын, танымдық зерттеу материалдарын шығарып тұруға мүмкіндік алады. Журналистика факультетіне оқуға түскісі келетін оқушыларға бұл үлкен тәжірибе, мектеп екені сөзсіз. Жас тілшілер арнайы чатқа қосылып, бас редактор мен журналистерден тікелей тапсырмалар алып, өз идеяларымен бөлісе алады.

«Мөлдір бұлақ» журналы еліміздің ұлтжанды, отансүйгіш ұл-қыздарына арналған, жас зиялылардың танымдық басылымы болғандықтан оқырмандарын «елге – елеулі, халыққа – қалаулы, Отанға – опалы» болуға тәрбиелейді. Ата-аналар мен ұстаздарды қадырлеуді, үлкенді сыйлауды, кішілерге қамқор болуды, мейірімді, иманды, білімді, ақылды, тәрбиелі болуды жас оқырмандар журнал оқу арқылы үйрене түсері сөзсіз. Сүйіспеншіліктен бастау алатын ұлттық құндылықтарды бойларына ұялатып, ұлттық менталитетпен жетілетін көркем мінезді ұрпақтың көкжиегін кеңейтуді көздейді.

Журнал ұжымы еліміздің барлық өңірлерімен атап айтсақ, облыстар мен қалалардағы, аудандар мен ауылдардағы мектептермен өте тығыз байланыста. Жыл бойы журнал қызметкерлері іссапарларға шығып, мектептер мен балабақшаларда, колледждер мен университеттерде кездесулер өткізіп тұрады. Жас ұрпақты кітап, газет-журнал оқуға шақырып, ел саясатының алғышарттарымен таныстырып, елбасы бағдарламаларын жете түсінуге үлес қосады. Жас таланттарды тауып, оларға қолдау жасап, бағыт-бағдар беру, олардың жетістіктері мен жаңалықтарын журнал беттерінде насихаттауда басылымның мүмкіндіктері көп.

Журнал осылайша сан салалы қызмет көрсету арқылы ұлт болашағы мен мемлекет келешегіне керекті жаны көркем, білімі биік, көзқарасы кемелді сау денелі, саналы ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу. Мемлекттің бағыт-бағдары мен идеологиясының құрамдас бір бөлігі бола біліп, билік пен елдің арасындағы үйлесімділікті сақтап, алтын көпір болу мақсатында тыңғылықты істер атқаруда. «Адамдар бір жылдығы үшін егін егеді, он жылдығы үшін орман өсіреді, жүз жылдығы үшін ұрпақ тәрбиелейді» деген ұлы қағида бойынша «Мөлдір бұлақтың» да негізгі міндеті ұрпаққа ұлағатты тәлім беру.

Журналдың фэйсбук, инстаграмда өзінің жеке парақшалары бар. Жеке сайты жұмыс істеп тұр. Сайттағы шыққан материялдар өз уақытында фэйсбук және инстаграм арқылы кең көлемде насихатталып оқырманға жетіп отырады. Оқушылар мен ата-аналардың талап-тілектеріне құлақ аса отырып, олардың ұсыныстарын тыңдап отырамыз. Осылайша тасадағы таланттардың жарыққа шығуына орай жаратып адамға қызмет ету позициясын қатаң атқарамыз. Жастардың өміршеңдік белсенділігін арттырып, тірлікке құштарлығын ұштай түсу негізгі мақсатымыздың бірі.

«Мөлдір бұлақтың» 2021 жылғы тоғыз нөмірі жарық көріп оқырманға жол тартты. Журналдан байқалатын тағы бір ерекшелік аға буын қаламгерлердің тартымды дүниелерін ұрпаққа жалғап, алдына айна ұстатқандай адамдықтың жолын, ұлттық құндылықтарды, мемлекетшілдікті көркем түрде көрсетіп отырамыз. Жастардың эстетикалық өресін жоғарылатып, көзқарас көкжиегін кеңітуге күш саламыз. Жыл басынан бергі жарық көрген сандарда Нұрдәулет Ақыш, Нұрмұхан Жанұзақ, Мәлік Отарбаев, Ақылбек Шаяхметов, Толымбек Әбдрайым, Серікбол Хасан, Алтыншаш Жақиянова, Қастер Сарқытхан, Саят Қамшыгер, Қуат Қиықбай, Еркегүл Арыққарақызы, Шәмшабану Хамзақызы, Қуандық Түменбай, Ахметжан Ашири, Әділғазы Қайырбеков, Баяхмет Жұмабайұлы қатарлы авторлардың әртүрлі жанрдағы еңбектерін жарияладық. Бұл арқылы алдыңғы буын мен соңғы буынның байланысын орнатып, жас зиялыларға ой салып, шығармашылығына ұйтқы болар мәйекті дүниелер ұсындық.

Алдымызда 2022 жылға баспасөзге жазылу науқаны басталды. Шаруалар үшін «Көктемнің әр күні жылға азық» десек, оқырман үшін жазылудың әр күні рухани азыққа апарар жол, тамаша сәт. Ұрпақ үшін, өсіп келе жатқан балаларымыз үшін «Мөлдір бұлаққа» жазылу өте маңызды. Перзенттерге бөлген әр минут, жұмсаған әр теңге ең қайырлы және игілікті іс болмақ.

Республика бойынша жергілікті пошта мекемелері арқылы журналға жазылуға болады. «Мөлдір бұлақтың» индексі: 75937. Жазылуға асығыңыз,ағайын!

Д.Байтұрсынұлы,Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы
23.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 40
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 69
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 34
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 86
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 75
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 73
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 81
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 71
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 78
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 76
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 297

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9309
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8703
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11932
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9705
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10913