Үш балабақшаның күрделі жөндеу жұмыстары басталды

Үш балабақшаның   күрделі жөндеу   жұмыстары басталды

Атырау қаласында №48, №28 және №3 бөбекжай балабақшаларында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін балабақшалардың материалдық-техникалық базасы жаңартылып, заманауи талаптарға сай білім беру ортасына айналады деп күтілуде.

– Құрылыс жұмыстарының сапасы ерекше бақылауда. Осыған дейін жүргізілген құрылыс және жөндеу жұмыстарын қатаң қадағалаймыз. Техникалық қадағалаушылар да сапаға баса мән беріп отыр. Бүгінде балабақша тәрбиеленушілері жақын маңдағы мектепке дейінгі ұйымдарға уақытша ауыстырылды. Ал педагог қызметкерлер еңбек заңнамасына сәйкес толықтай жұмыспен қамтылды, – дейді Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйсекенова.

А. ХАМИТТЕГІ
23.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24567
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24227
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41680
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37572
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41950