Ұстаз еңбегі қашан да жоғары

Ұстаз еңбегі қашан да жоғары

Шымкенттік мақтаулы мұғалімдер саны жылдан жылға артып келеді. Әсіресе, еліміз өз Тәуелсіздігін жариялаған 30 жылы ішінде Шымкент қаласының білім саласы айтулы жетістіктерге қол жеткізуде. Қаланың білім беру ұйымдарында бүгінде 28 702 педагог жұмыс істейді. Олардың жалақысы 2020-2021 жылдары 50 пайызға артса, 2022 жылы тағы 25 пайызға көбеймек. 

Кешегі апта соңында «Ұстаздар күні» мерекесіне арналған салтанатты шарада «Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздары марапатталды. 

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, байқауда үздік деп танылған педагогтарды марапаттады. Еске алсақ, 2021 жылдың 26-28 мамыр күндері педагогтерге арналған «Үздік педагог» конкурсының қалалық кезеңі өткізілген болатын. Қорытындыға сәйкес, «Үздік педагог» байқауының іріктеу кезеңінде 21  ұстаз жеңімпаз атанды. Үш педагог 27-29 қыркүйек күндері Қостанай қаласында өткен республикалық  конкурста үздік деп танылды.

Шыңғыс Жұмабекұлы байқау жеңімпаздарына Алғыс хат және қаржылай сертификат табыс етті.

– «Мемлекет басшысы ұстаздардың ағартушылық қызметі, жас буынды тәрбиелеу жолындағы тынымсыз еңбегі қашан да жоғары бағаланатынын айтты. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға қаланың «Үздік педагог» атағы беріліп, айлық есептік көрсеткіштің 300 еселенген (875100 теңге) мөлшерінде сыйақы төленеді. Республикалық конкурстың жеңімпаздары «Үздік педагог» атағымен марапатталып, «Педагог мәртебесі туралы» Заңда көрсетілген тәртіпте сыйақы төленеді. Жеңістеріңіз құтты болсын, ұстаздар! Кәсіби мерекелеріңізде мерейлеріңіз арта берсін!» – деді қала әкімінің бірінші орынбасары құттықтау сөзінде.

Қала педагогтері «Үздік педагог» атағын беру қағидаларының ерекшеліктері бойынша жыл бойы әдістемелік орталық қызметкерлерімен бірлесе жүйелі түрде жұмыстар жүргізді. Байқаудың қалалық кезеңінде Жол-көлік, Саз, индустриалды-техникалық колледждің, мектептердің және балабақшалардың ұстаздары өз біліктілігін байқатты. Республикалық кезеңде №122 «Ақжар» жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Ш.Бегманова, М.Х.Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназияның математика пәні мұғалімі Т.Харченко, №1 дарынды балаларға арналған ІТ лицей-интернатының биология пәні мұғалімі Ә.Тұрышова жеңімпаз атанды. 

 

Ш.Мекенбайұлы, Шымкент
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 39
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 65
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 32
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 80
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 71
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 69
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 76
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 66
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 73
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 71
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 293

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9305
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8699
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11928
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9701
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10909