Үстел теннисі: Аланды Президент құттықтады

Үстел теннисі:   Аланды Президент құттықтады

Үстел теннисінен Тунисте өтіп жатқан жастар арасындағы Əлем чемпионатында жерлесіміз Алан Құрманғалиев топ жарды. Ол 15 жасқа дейінгі аралас жұптық сында мысырлық Хана Годамен бірлесіп, финалда Тьяго Абиодана мен Марии Берзосты (Португалия/Испания) 3:0 есебімен сенімді түрде ұтты. Айта кетсек, Алан мен Хана жартылай финалдағы тартысты ойында жапониялық – Такуми Танимото мен Рин Мендені 3-2 есебімен тізе бүктірген-ді.  Аланның жеңісін Қазақстанның үстел теннисі спортындағы тарихи нәтиже деп бағалауға болады. Себебі, ол – үстел теннисінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақстандық спортшы. Аланның бапкері – Эльмира Əлиева, Хананікі – Исмаил Хишам. Жастар арасындағы Əлем чемпионаты 11 желтоқсанда аяқталды. Теннисшіні Президент Қ.Тоқаев айтулы жеңісімен құттықтады. 

Ермек Сахариев
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1097
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7143
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10995
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7207
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7352