Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?

Вейп пен электронды темекіге тыйым салу керек пе?

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық Кеңесінде талқыланған екінші тақырып осы!

Нақты деректерге сүйенейік: Электрондық темекі сұйықтықтарында никотин, басқа қоспалар, хош иістер және химиялық заттар болуы немесе болмауы мүмкін. Жеміс, жидек, кондитерлік және басқа да хош иістендіргіштердің 16 мың түрлі дәмі белгілі. Олардың құрамында адам денсаулығына улы әсер ететін глицерин, пропиленгликоль және хош иісті қоспалар бар. 4-ші буын вейптері тыныс алу жолдарының эпителийіне және тіндердің гипоксиясына зақым келтіруі мүмкін  аэрозольдің көп мөлшерде жиналуына мүмкіндік береді. Темекі түтініне ұқсас формальдегидтің әсері байқалған. 

Соңғы 3 жылда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 10 есе көбейген:  2019 ж. - 10 кг, 2022 ж. 6 айында – 100 кг). Қазір синтетикалық есірткінің түрі 50 есеге артқан.

Биыл есірткі дайындайтын 40 зертхана анықталған. Олардан 80 тонна прекурсор тәркіленген. Сұмдық, осынша прекурсордан 8 тонна есірткі дайындауға болар еді. Одан қанша баланың уланып бітетінін есептей беріңіз. Бұл тек анықталғаны ғана!

 

Қазір Мемлекет басшысының бастамасымен есірткі заттарына қарсы кешенді жоспар дайындалуда. Оған 53,2 млрд теңге қарастырылған. Аталған жоспар жүзеге асып, ұрпағымызды у-дан сақтап қаламыз деп үміттенемін. Жағдай қиын әйтпесе. Синтетикалық есірткілерді қазір мектеп оқушылары да қолданып жүр. 

Клиникалық зерттеулер темекі шегуді жалғастыратындар мен вейптерге ауысқандар арасында клиникалық айырмашылықты таппай отыр. Керісінше, вейптің денсаулыққа әсері туралы мәліметтер біртіндеп жинақталуда, атап айтқанда, зерттеулер ЭТЖ-ны қолданудың өкпе эпителийінің жасушаларының зақымдануы, жастарда жиі кездесетін тыныс алу аурулары, периодонтиттің даму қаупінің жоғарылауымен байланысын көрсетті. Сонымен қатар, жалпы өлім-жітім мен аурушаңдық құрылымындағы тыныс алу органдары ауруларымен ауыру мен өлім қанайналым жүйесі ауруларынан кейін 2-орында тұр. Өкпенің созылмалы фиброзды аурулары мен тыныс алу жеткіліксіздігінің өсуі байқалады. Қазіргі уақытта 300 мың қазақстандық тыныс алу органдарының аурулар бойынша есепте тұр. Ауруды дифференциалды диагностикалаудағы қиындықтарды ескере отырып, вейптерді тұтынумен байланысты аурулардың басқа тыныс алу органдарының кодымен, мысалы, қан тамырларының тарылуынан болатын бронхиолит, анықталмаған (бактериялық) этиологияның пневмониясы (этиологиясы анықталмаған пневмония – 5494) сияқты диагноз қойылуы әбден мүмкін.

ДДҰ-ның мәліметтері бойынша 33 ел ЭТЖ/вейптерді сатуға дер кезінде тыйым салды, олардың ішінде Дания, Норвегия, Уругвай, Аргентина, Панама, Бразилия, Мексика, Таиланд, Үндістан, Гонконг, Сингапур, Малайзия, Филиппин, Ливан, Катар, Оман, Иордания және т. б. 79 ел вейбтарды қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салды.

Кеңес отырысының қорытындысы негізінде хаттама жасап құзырлы орындарға жолдаймыз.

Кеңес мүшелерінің тізімі суретте.

Нартай Сарсенғалиев, ФБ парақшасынан
23.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 21
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 17
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 22
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 19
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 35
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 253
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 249
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 872

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8946
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8339
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11566
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9324
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10550