VIII Халықаралық армия ойындары басталды

VIII Халықаралық армия ойындары басталды

     ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі: «Нұр-Сұлтанда VIII Халықаралық армия ойындарының ашылу рәсімі өтті. Ұлттық қорғаныс университетінде өткен Халықаралық армия ойындарының салтанатты ашылу жиынына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан Қарулы күштерінің өкілдері қатысты. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан аумағындағы VIII Армия халықаралық ойындарын салтанатты түрде ашық деп жариялады»,— деп хабарлайды.

    Халықаралық ойындарға қатысушыларға арнаған сөзінде сайыстың әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығы мен кәсіби шеберлігін жетілдірудегі маңызды рөлін атап өткен Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов: «Әскери ойындар бейбітшілік пен ынтымақтастықтың кепілі ретінде шын мәнінде түрлі мемлекеттер әскерлерінің өзара іс-қимылының жаңа және жетілдірілген үлгісіне айналып, қатысушы елдер қарулы күштерінің жауынгерлік қабілеті мен кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр», – деді. Биыл еліміздің аумағында үш байқау өткізіледі. Олар – «Артиллериядан оқ ату шеберлері», «Меридиан» және «Тактикалық мерген» байқаулары. Соңғы екеуі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бағын сынайды. Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында минаатқыш есептоптарының үздіктерді анықталады. Ақмола облысының Щучинск қаласындағы «Амандық» полигонында әскери топографтардың сайысы өтсе, Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында армия мергендері жарыспақ.

Ермек Сахариев
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281