Вирусты гепатит А (Боткин ауруы) – бауырдың қабынуын тудыратын инфекциялық ауру. Оны гепатит А вирусы (HAV) қоздырады. Бұл ауру көбінесе балалар мен жастар арасында кездеседі және, әдетте, жеңіл өтеді. Гепатит А созылмалы түрге өтпейді және бауырға ұзақ мерзімді зиян келтірмейді. Гепатит А жұғу жолдары : фекалді-ауыздық жолмен,(лас қолдар арқылы гигиена сақталмағанда, вируспен ластанған су немесе тағам тұтыну кезінде). Тұрмыстық байланыс арқылы: вирус жұқтырған адаммен тығыз байланыста болғанда, су немесе тағам эпидемиясы: таза су жетіспеушілігі немесе санитарлық жағдайы нашар аймақтарда жиі кездеседі.
Гепатит А белгілері: инкубациялық кезеңі (вирустың денеге түскеннен бастап алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі уақыт) – 2-6 апта. Белгілері: әлсіздік, шаршағыштық, жоғары температура,жүрек айну, құсу, іштің ауруы,несептің қою түске боялуы,нәжістің ашық түсті болуы,терінің және көздің ағының сарғаюы (сарғаю кезеңі),қышу және бауырдың ұлғаюы. Аурудың ағымы: ауру көбінесе жеңіл немесе орташа ауыр өтеді.Толық сауығу 1-2 ай ішінде жүреді. Гепатит А алдын алу: вакцинация, гепатит А-ға қарсы вакцина тиімді қорғаныс береді, гигиена ережелерін сақтау: қолды жиі және мұқият жуу, қауіпсіз ауыз су мен таза тағам қолдану,тағамдық қауіпсіздік, суды қайнатып ішу, тағамдарды жақсылап өңдеу. Емдеу: арнайы вирусқа қарсы ем жоқ, негізінен симптоматикалық ем қолданылады (тынығу, су балансын қалпына келтіру, бауырды қорғау), диета сақтау ұсынылады: ауыр, майлы тағамдарды шектеу.Гепатит А толық емделеді және өмірге қауіп төндірмейді, бірақ ауыр жағдайларда бауырдың жеткіліксіздігі сирек кездесуі мүмкін.
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқарма басшысы
В.Конеева,
Наурызбай ауданы
санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасының
эпидемиологиялық бақылау
бөлімінің
бас маманы З.Куренкеева














