Ұлттық волонтерлер желісі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Түркия Республикасында жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау іс-шарасы басталғанын хабарлайды. Гуманитарлық көмек Ұлттық волонтерлер желісіне (Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 11/5, 5 қабат, 505 кабинет) жиналады. Сондай-ақ гуманитарлық көмек республикалық маңызы бар барлық қалаларда мен облыс орталықтарындағы «Birgemiz» өңірлік волонтерлер фронт-офистерінің кеңселерінде ұйымдастырылып, Ұлттық волонтерлік желісі арқылы Қазақстан Республикасындағы Түркия елшілігіне тапсырылады. Сондай ақ қаржылық көмек келесі деректемелерге қабылданады: Заңды тұлғалар үшін: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ БСН 120940015916 БИК: HSBKKZKX Р/С: KZ23601A871001005521Жеке тұлғалар үшін: Kaspi - қосымшасында-төлемдер, қайырымдылық бөлімінде: «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек.