Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия: «Бұрын заңға қарамастан тәркіленбей қалған ел аумағындағы объектілерге ревизия жалғасуда. Бүгінгі таңда осындай 36 объект анықталған. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Виктор Храпуновтың 8 жер учаскесін тәркілеу үшін атқарушылық іс қозғалған. Бұдан өзге, комиссия монополиясыздандыру шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесіне сай қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ (28,75%), «Көліктік сервис орталығы» АҚ (100%), «Акмолит» ЖШС (100%) сияқты компаниялардың қаражаты мен акциялары мемлекетке берілген. Бұл активтердің сомасы шамамен 200 млрд теңге. Бұған қоса, таяуда Жамбыл облысында 1,7 млрд теңгеге заңсыз жекешелендірілген 3 объект сот тәртібімен мемлекетке қайтарылған», – деген мәліметтерді жария етті.