Халық жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев 80 жас мерей тойына орай шығармашылық кеші өтті

Халық жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев 80 жас мерей тойына орай шығармашылық кеші өтті

Биыл халық жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Софы Сматаев 80 жаста. Осы тойдың аясында Алашқа аты мәшһүр қаламгердің шығармашылық кеші өтті. Оған ақын, жазушылар мен зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. 

Софы Сматаев күллі Алаш жұртына атақты «Елім-ай» роман-трилогиясының авторы ретінде белгілі. «Елім-ай» романы Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділерінен» кейін қазақ әдебиетіне жарқ етіп келген тарих тақырыбындағы туынды. Ұлттық прозаға осындай олжа салған қаламгер Арқаның тумасы. Сол себепті де оның шығармашық кеші кеншілер шаһарының төрінде өтуі заңды дейді зиялы қауым өкілдері.  Кешке облыс басшылығы қатысып, арнайы құттықтады.

Абзал НҮКЕН, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары:

-Құрметті Софы Қалыбекұлы, сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен Қарағанды жұртшылығы мен Қарағанды облысы әкімдігі шын жүректен құттықтайды. Сіздің шығармаларыңыз нағыз парасатты, кемеңгерлікті жырлайды. Сіздің төл туындыларыңызбен келешек ұрпақ сусындайды.

Софы Сматаев әдебиетке алғашында ақын болып келген. Оның «Астана оттары» деп аталатын өлеңдер мен балладалары енген  тұңғыш кітабы бар. Ол прозада ғана емес, поэзияда да өз бағасын алған қаламгер. Кеш барысында ол өз өлеңдерін оқып берді.

Шығармашылық кеште поэзиядан бөлек классикалық әндер шырқалып, шертпе күй шертілді. Соңында сексенге келген қазақтың аяулы жазушысына шапан жабылып, құрмет көрсетілді. Сүйікті авторын іздеп келген оқырман да қошеметін аямады.

Жомарт Шаймұрат
17.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5519
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5668
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20640
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19271
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22731