Халықаралық фестиваль: Әлем жұлдыздары келмек

Халықаралық фестиваль: Әлем жұлдыздары келмек

12 қарашада «Астана Операда» «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің ашылу салтанаты өтеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызыл кілемдегі белгілі қонақтар мен журналистер, жарқын шоу-бағдарлама мен М.Төлебаевтың көпшілік ұнататын «Біржан – Сара» операсы үш апталық фестивальді бастап береді. Онда Италия, Германия, Чехия, Украина, Армения, Ресей, Беларусь және басқа да елдерден әртістер жиналады.Фестиваль Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 6 желтоқсанға дейін созылады, көрермендердің назарына бүкіл әлемнен жұлдыздардың қатысуымен опера және балет спектакльдерінен «музыкалық керуен» ұсынылады.

– Опера және балеттің ауқымды фестивалі еліміздің мәдени өміріндегі оқиға ғана емес, сондай-ақ ұлы өнерді бағалайтын барша жандар үшін нағыз мереке болмақ. Біз бұл іс-шараға тыңғылықты дайындалдық, бағдарламаны толық ойластыра келе, театрдың шынайы рухын көрсету үшін танымал, жалындаған музыкамен қатар, ғаламат туындыларды да орындауды жөн көрдік. Сонымен қатар ұрпақтар сабақтастығын да көрсетуге тырыстық, сондықтан спектакльдерге сахна шеберлері де, жас солистер де жұмылдырылды, – деп атап өтті «Астана Опера» директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.

Фестивальді ұлттық классика игілігі – М.Төлебаевтың «Біржан – Сара» операсы ашады. Біржан партиясын орындауға Мариин театрының солисі, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, Татарстанның Халық артисі Ахмед Агади шақырылды. «Астана Операның» дәл осы операмен 2013 алғашқы театр маусымын ашқаны атап өтерлік жайт. Шындығында 10 жыл бұрын сахнада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің Халық артисі Юрий Александровтың қойылымы болған еді, алайда ол кезде де басты партияда теңдессіз тенор, Біржан партиясын үздік орындаушы Ахмед Агади жарқыраған болатын. Қазір әншіге бұл бейнені операның жаңа, атап айтсақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров пен кеңесші режиссер – Татарстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Михаил Панджавидзенің редакциясында (2018 жыл) ашуға тура келеді, онда қоюшылар операның жаңа оқылуын ұсынды, бұл қазақ классикасының сценография мен жекелеген кейіпкерлердің мінездерін қабылдау таптаурынын бұзады. Дирижер тұғырында – музыкалық редакция авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдин

15-16 қарашада бағдарламаны Л.Минкустың «Дон Кихот» балеті жалғастырады. Өнер көрсетудің екінші күні Беларусь Үлкен театрының жұлдыздары Дмитрий Уксусников пен Людмила Хитрова қазақстандық көрерменге өз өнерлерін тарту етеді. Дирижер – Руслан Баймурзин.

19 қарашада Дж.Пуччинидің «Турандот» операсы орындалады, дирижер тұғырында – әлемге әйгілі маэстро Алан Бөрібаев. Калаф партиясында сахнаға Ованнес Айвазян (Армения) шығады. Өнер көрсетудің екінші күні – 20 қарашада Турандотты Оксана Крамарева (Украина-Германия) орындайды, Лиу – Либуше Санторисова (Чехия).

23-24 қарашада көрермендерге әлемнің танымал балеттерінің бірі – П.Чайковскийдің «Аққу көлі» ұсынылады. Бірінші күні шақырылған жұлдыздар – Анна Муромцева (Украина) мен Венгрия опера және балет театрының этуалі Герго Армин Балаши өнер көрсетеді. Дирижер – Джузеппе Акуавива (Италия).

29 қарашада екі бөлімді Балет кеші өтеді: Гала-балет пен В.А.Моцарттың музыкасына И.Килианның «Алты би» бірактілі балеті. Бағдарламаға солистер – Андрей Сорокин, Анастасия Мильяченко (Ресей), Дарья Сузи мен Хавьер Качейро Алеман (Германия) қатысады. Дирижер – Арман Оразғалиев.

2 желтоқсанда опера өнерінің жауһары – П. Чайковскийдің «Евгений Онегині» ұсынылады, дирижер – Алан Бөрібаев. Ленскийдің партиясын Александр Михнюк (Беларусь) орындаса, Ольганың бейнесін Дарья Горожанко (Украина) сомдайды. 3 желтоқсанда Евгений Онегин партиясында – Константин Бржинский (Ресей), Греминді Барсег Туманян (Армения) орындайды.

6 желтоқсанда «Жібек жолы» фестивалінің салтанатты жабылуы өтеді. Көпшілікке таңғажайып Гала-концерт ұсынылады, дирижер тұғырында – Джузеппе Акуавива (Италия).

Айта кетейік, «Жібек жолы» халықаралық фестивалінің басты мақсаты – Қазақстан мен алыс-жақын шет мемлекеттер арасындағы мәдени байланысты нығайту. 

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
10.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 41
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 35
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 113
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 310
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 304
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 927

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9000
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8395
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11621
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9378
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10604