Батысқазақстандық мектеп оқушылары «STEM олимпиада – білім берудегі инновациялар» халықаралық олимпиадасына қатысып, тәжірибе алмасты.
Қараша айының соңғы күндерінде Астана қаласындағы «Дарын» қосымша білім орталығында өткен олимпиаданың халықаралық кезеңіне жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары қатысқан. Бұл білім додасында Қазақстан, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Түркия елдерінен келген командалар өзара сайысқа түскен. Информатика пәнінің мұғалімі Мерхат Ибатовтың жетекшілігімен Елорда төрінде болған облысымыздағы Казталов мектеп-лицейінің шәкірттері өз тәжірибелерін толықтырып қайтты.
– Бұл халықаралық дода – оқушылардың білімдерін шыңдап, ғылыми-техникалық бағытқа қызығушылықтарын арттыруға зор мүмкіндік беретін маңызды шара болды, – дейді жетекшілері Мерхат Жеңісұлы.
Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ,
Батыс Қазақстан облысы















