Басылым ұжымы 30 жыл бойы еліміз бен әлемдегі қоғамдық-саяси өмірді, отандастарымыздың түйткілді мәселелерін көтеріп, Республика жылнамасын
жазды. Осы уақыт аралығында кәсіби журналистердің бірнеше буыны тәрбиеленді. «Qazaqstan dauiri» тәуелсіз позициясының арқасында ел сенім артатын басылымға айналып, үлкен аудитория жинады. Бұл – газеттің әр нөмірінің сәтті шығуына атсалысатын жандардың еңбегінің жемісі.
«Мөлдір бұлақ» республикалық балалар журналы аз уақыт ішінде өзінің бағыт-бағдарын айқындап, мазмұндық сипаты мен қолтаңбасын қалыптастырды, қазақ баласының сүйікті басылымдарының біріне айналды. Журнал әрдайым өскелең ұрпаққа жақсы қасиеттерді насихаттап, ұлттық құндылықтар мен төл өнерді дәріптейді, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру жолында сүбелі еңбек атқарып келеді.
Осынау мерейлі мерейтой күні баршаңызға зор денсаулық, амандық және шығармашылық шабыт тілеймін! Еңбектеріңіз сіздерге тек қанағат пен толағай табыс әкелсін!