Халықаралық Сарайшық симпозиумында көтерілген мәселелер

Халықаралық Сарайшық  симпозиумында көтерілген мәселелер

Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты халықаралық ғылыми симпозиум өз жұмысын бастады.

Тарихи қалашықтың мәдени мұрасын зерттеп, қалпына келтіру және ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған келелі жиынға халықаралық және отандық ғалымдар, Түркі академиясы, ТҮРКСОЙ және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының өкілдері қатысуда.

Олар Сарайшық қалашығына жүргізілген ғылыми зерттеулері бойынша баяндама жасап, түрлі пікірлермен бөлісті.

Іс-шараға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев жиынға қатысушыларға алғыс білдіріп, тарихи қалашықты зерттеуге және сақтауға бағытталған жұмыстарды атап өтті.

– Қалашыққа археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 2017 жылдан бері облыстық бюджет есебінен тұрақты қаржы бөлініп келеді. 2023 жылы «Сарайшық» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының сапар орталығының құрылысы аяқталып, ескерткіштің туристік орталыққа айналуына жол ашылды. Сапар орталығынан ортағасырлық Сарайшық ескерткіштеріне дейін асфальт жол тартылып, автотұрақ салынды. 2024 жылғы табиғи апаты кезінде Сарайшықты судан қорғау шаралары қамтамасыз етілді. Сондай-ақ облыс тарапынан музей-қорықтың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында да жұмыстар атқарылып келеді, – деді Ж.Бисембиев.

Симпозиум аясында «Қазқайтажаңарту» мекемесінің атқарған жұмыстары таныстырылды. Онда цитадель қоршауын қайта салу, құлпытас құрылымдарын консервациялау және қалпына келтіру, сондай-ақ «Әулие склеп» қабірлік құрылыстарын қорғау және қалпына келтіру бойынша жоспарланған шаралар көрсетілді.

Айта кетейік, 2023 жылы музей-қорыққа 20 412 қазақстандық және 253 шетелдік турист, ал биыл 25 491 қазақстандық   және   119   шетелдік   турист   келіп тамашалаған.

 

 

Гүлфия Елтайқызы
27.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21359
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21143
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 36362
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34740
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38713