Халықаралық турнирде топ жардық

Халықаралық турнирде топ жардық

Мажарстанның Дебрецен қаласында өтіп жатқан Иштван Бочкаиді еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирде еліміздің ерлер құрамасы медальдар кестесінде бірінші орын алды. Қазақстандық былғары қолғап шеберлері турнирде тоғыз медальды еншіледі.  Оның ішінде алтауы – алтын, үшеуі – қола. Аталған турнирде Теміртас Жүсіпов (48 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Саматали Төлтаев (60 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Аятулла Тәкіжанов (75 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Дәулет Молдашев (54 келі) және Ермахан Жакпеков (71 келі) қола жүлдегер атанды. Екінші орындағы Украина құрамасының еншісінде он медаль (үш алтын, үш күміс, төрт қола) болса, Германия жеті медальмен (екі алтын, екі күміс, үш қола) үздік үштікті түйіндеді.

Ал, қазақстандық боксшы қыздар аталған турнирде екі алтын медаль жеңіп алды. Финалда үш қазақстандық боксшы өнер көрсеткен болатын. Олар: Римма Волосенко (60 келі), Лаура Есенкелді (63 келі) және Валерия Аксенова (+81 келі). Римма Волосенко Словакия боксшысы Мирослава Единаковамен жекпе-жек өткізуі керек болған. Алайда отандық спортшының қарсыласы шаршы алаңға көтерілген жоқ. Осылайша, ол айқассыз турнирдің чемпионы атанды. Лаура Есенкелді Англия өкілі Ханна Робинсонмен жұдырықтасып, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ал Валерия Аксенова финалда польшалық қарсыласы Агата Качмарскаяға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты. 

Ермек Сахариев
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 835
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 6909
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10748
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 6978
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7119