Хоккей жаңалықтары: Қазақстанда әлем чемпионаты өте ме?

Хоккей жаңалықтары: Қазақстанда әлем чемпионаты өте ме?

Сhampionat.com сайты: «Норвегия шайбалы хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу туралы өтінішін қайтып алғандықтан, оны өткізуден екі-ақ үміткер қалды, олар –Германия мен Қазақстан. Норвегия хоккей қауымдастығы (NIHF) аталмыш доданы өткізуден ресми түрде бас тартқан. Мұндай шешім Норвегия үкіметі тарапынан қаржы бөлінбеуіне байланысты қабылданған», – деп хабарлайды. Елдің мәдениет министрлігі турнирді Берум мен Тронхеймде өткізуді қарастырған өтінімді қаржыландырудан бас тартқан. Норвегия бұдан бұрын шайбалы хоккейден 1999 жылғы әлем чемпионатын қабылдаған болатын. Норвегия хоккей қауымдастығы мұндай шешімге өкініш білдіре отырып, алдағы уақытта қаржыландыру мәселесін әріптестерімен бірге шешуге мүдделі екендігін мәлімдеді. 2028 жылғы біріншілікті өткізу жөнінде жаңа өтінім беру бағытында жұмыс басталады. Германия мен Қазақстан 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығын иелену жолындағы күресті жалғастырады. Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы аталған біріншіліктің иесін 2023 жылғы мамыр айында өтетін конгресінде анықтайтын болады.

Ермек Сахариев
12.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1102
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7149
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11000
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7212
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7357