Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарына газ келді

Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарына газ келді

11 қараша күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  Хромтау ауданының Тасөткел және Ақбұлақ ауылдарындағы ауылішілік газ құбырларын іске қосу рәсіміне қатысты.

 Елді мекендерге газ беру өңірлерді 2025 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында һжалпы ұзындығы 78,6 шақырымдық ауыларалық газ құбырларының құрылысы аяқталған соң мүмкін болды. Құны 750 млн-нан асатын жобаны «Бабек Құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды. 

Газ қосу рәсімінен кейін облыс әкімі жаңа газ құралының жұмысын көрсеткен ауыл тұрғындарының үйіне кіріп шықты.

«Қыста біз бірнеше тонна көмір жағып келдік, ал ол - отбасылық бюджетке едәуір салмақ. Күн сайын от жағу да қиын. Біз газдың кіргеніне өте қуаныштымыз және облыс басшылығына осылай қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз»,- деді Тасөткел ауылының тұрғыны Светлана Сағырова.

Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын құттықтап, жұмысшыларға жұмысты белгіленген уақытында орындағандары үшін рахмет айтты.

Өңір басшысы: «Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауыл-аймақтарды дамыту, ауылдарда  қолайлы жағдай жасау жұмыстары жалғасатын болады»,- деп сендірді.

Айта кетейік, қазіргі таңда Хромтау ауданының  99 %-ы газбен қамтылған.

Облыс әкімі ауданға жұмыс сапары кезінде сондай-ақ, ұзындығы 25,2 және 28,6 шақырым болатын Табантал мен Тассай ауылдарының кіре беріс жолдарының аяқталған ​ жөндеу жұмыстарын қарап шықты. Жұмысты орындаған - «АссанаДорСтрой» ЖШС.

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында «Арал құрылысы» ЖШС мердігер мекемесі Тасөткел ауылына кіретін жолды жөндеп жатыр. Автомагистральдің жалпы ұзындығы 33,4 шақырымды құраса, оның 14 шақырымына ендігі асфальт жабындысы төселіп қойды.

Хромтау қаласында облыс әкімі осы күзде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында абаттандырылған көпқабатты үйлердің төрт ауласын ​ қарап шықты. «ERG» ​ компаниясы бұл мақсатқа 175 млн теңге жұмсады.

«Биыл үйлерімізді абаттандыру жұмыстары басталғанда қатты таңғалғанбыз. Тұрғындар риза, рахметтерін айтып келеді. Барлық аулада жарық бар»,- деді «Наташа» ПИК төрайымы Алла Бойченко.

«Хромтау қаласындағы аулаларды, қоғамдық кеңістіктерді жақсарту жұмыстары жалғасатын болады. «Қазхром» ТҰК бұл іске де ат салысуға дайын, өйткені мұнда бұл компанияның мыңдаған жұмысшысы отбасыларымен тұрады»,- деді қала тұрғындарымен тілдескен облыс әкімі.

Өңір басшысы сондай-ақ, Хромтау қаласындағы Окраин, ағайынды Жұбановтар, Оспанов, Жутеев и Бикешев сияқты бес көшенің қалпына келтіру жұмыстарын қарап шықты. Жол құрылысы жұмыстары өңірлерді дамыту бағдардамасы аясында жүзеге асырылуда.

12.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 94
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 104
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 199
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 336
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 339
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 566
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 513

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9215
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8611
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11837
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9607
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10819