Хромтаулықтар қала инфрақұрылымын жақсартуға өздері қатысады

Хромтаулықтар қала инфрақұрылымын жақсартуға өздері қатысады

Ақтөбе облысы Хромтау ауданында «Берекелі бастама» форумының мақсаты – тұрғындардың қаланы көркейтуге қатысты ұсынған идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Тұрғындар, әкімдік пен Eurasian Resources Group (ERG) корпорациясының бірлескен жұмысы аясында моноқалада қандай қоғамдық инфрақұрылым нысандары қажет екенін хромтаулықтар өздері шешетін болды.

Форумның өтетін орны кездейсоқ таңдалған жоқ. «Берекелi бастама» жобасы  былтыр да «Қатысу бюджеті» атауымен Хромтауда басталған болатын.

Іс-шара аясында әкімдік өкілдері, Хромтау тұрғындары, ERG қызметкерлері, сондай-ақ моноқалаларда жобаны іске асыруға жауапты Жобалық орталық мамандары қатысып, «Берекелi бастаманың» мүмкіндіктері мен келешегін талқылады. Форумға «Берекелі бастама» аясында жүзеге асырылған алғашқы көркейту жобаларының авторлары да қатысты. Форум  ұйымдастырушылары қатарында ERG құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ  филиалы – Дөң тау-кен байыту комбинаты, Тель-Авив университетінің Қазақстандағы достары қауымдастығы және «Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру зертханасы» АКЕҰ (Ресей) өкілдері бар.

– 2020 жылы бұл жобаға қатысамын деп шештім. Себебі сол жылы кішкентайлы болғандықтан, баламның болшағын қазірден ойлауым керек екенін түсіндім де, балаларға жаңа ойын алаңын салуды ұсындым. Біздің  аулада ескі ойын алаңдары бар болатын. Оның ішіндегілері сынып, тозған. Соны көріп, балаларға шаттық сыйлағым келді. Бір істі қолға алуда қорықпау керек. Әрекет ете білу керек екен. Оның  барлығы өз қолымызда, – дейді жоба авторларының бірі Салима Князбаева.

Биыл аталған жоба аясында Хромтау қаласының инфрақұрылымын жақсартуға қатысты 71 өтінім берілді. Оның 27-сіне дауыс беруге рұқсат етілді және 11 жеңімпаз таңдалды. ERG жобаларды іске асыруға 60 миллион теңге қаражат бөлген. Айта кетейік бұл жоба ERG кәсіпорындары орналасқан үш қала – Хромтау, Ақсу және Рудныйда қолға алынған. Бүгінде Ақсу және Рудный қалаларынан өтінімдер әлі де қабылданып жатыр.

Мейрамгүл САТАЕВА, Ақтөбе облысы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЖАС МАМАНДАРДАН ТАПШЫЛЫҚ КӨРУДЕМІЗ
Аманкелді ЖҰМАШҰЛЫ, Алматы – Ақтөбе - 30.11.2024 20
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 47
Қаратүнектегі маздаған шырақ
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 29.11.2024 43
Батырға арналған жиын
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 29.11.2024 17
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 42
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 47
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 42
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 39
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 46
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 39
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 43
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 278

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9287
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8682
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11910
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9684
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10890