ЫНТЫМАҚҚА ҚОНҒАН ЫРЫС

ЫНТЫМАҚҚА ҚОНҒАН ЫРЫС

Бурыл ауылдық округінде аудан әкімдігі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда екі мәселе қаралды.

Алдымен модератор, аудандық ардагерлер және бірлескен Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік Ермеков тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылда жүріп өткен жолы, Елбасының ерен еңбегі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының ел бірлігі мен ынтымағын нығайтудағы еңбегіне тоқтала келіп, қоғамдық келісім кеңестері кез келген салада қордаланған мәселені шешуге белсене араласып, татулық пен тұрақтылықтың сақталуына жергілікті билік өкілдерімен белсене қызмет атқарып отырғандығын айтты. Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе - «Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің жаңа төрағасын сайлау» жөніндегі ұсынысын ортаға салды. Ол Бірлескен қоғамдық келісім кеңесінің төрағалығына аудандық ардагерлер және билер кеңесінің мүшесі Болат Ахметовтің кандидатурасын ұсынып, оның еңбек жолымен таныстырды. Кеңес қатысушылары ұсынысты бірауыздан қолдаған соң, күн тәртібіндегі екінші мәселеге ойысты.
Возможно, это изображение (9 человек, люди сидят и люди стоят)
Этнос өкілдері тығыз шоғырланған Бурыл ауылдық округінде 13652 адам, 17 өзге ұлт өкілдері тұрады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірумен, мал өсірумен айналысатын аймақтағы тындырымды тірліктер жөнінде округтегі Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Сады Қуатбеков баяндады. Баяндамашы жергілікті халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы жұмыстарға екпін салып, бірлік пен келісімді, төзімділік пен рухани құндылықтарды сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған іс-шараларға назар аударды.Жастарды отансүйгіштікке, тағаттылыққа тәрбиелеудегі аға буынға жүктелген міндетке де екпін салды.
Возможно, это изображение (7 человек, люди сидят и люди стоят)
Әрмен қарай сөз алған аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова ел бірлігі мен ынтымағын нығайтуда қоғамдық келісім кеңесінің атқаратын жүгі ауқымды екендігін жеткізді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында өңіріміздің жеткен жетістіктерінен ақпарат берді. «Байжанова» шаруа қожалығының төрайымы Несіпкүл Байжанова егемендіктің отыз жылында Бурыл ауылдық округінде тындырымды тірліктер мен жас толқынды еңбекке баулудың маңызын қозғады. Аудандық түрік этномәдени орталығының төрағасы Мехия Раджамов татулықты нығайту жайын, еңбек ардагері Өтеген Алпысбаев Бурыл ауылының халқы жыл сайын өсіп келе жатқандығын, түйінді мәселелер кезегімен шешіліп жатқандығын тілге тиек етті. №6 орта мектептің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Құралай Үкібаева ынтымаққа қонған ырысты бағалау, мемлекетіміздің мызғымастығы мен тәуелсіздігімізді тұғырлы ету-әр азаматтың міндеті екендігін жеткізді. Аталған округтің әкімі Ерлан Әшірбеков елдімекенде қолға алынатын жұмыстардың ауқымдылығын айтып, татулықты нығайтудың маңыздылығын көтерді. Қостөбе ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мамед Сулейманов жас буынды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу турасындағы ойымен бөлісті.
Байзақ ауданы әкімдігі
11.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 77
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 82
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 183
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 322
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 325
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 547
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 493

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9198
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8595
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11822
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9591
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10805