Ресей делегациясының басшысы, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский мен Украина делегациясының мүшесі, «Слуга народа» партиясының парламенттегі фракциясының басшысы Давид Арахамия арасында келіссөз өтті. Мәскеу мен Киев делегацияларының кездесуінің қорытындысы бойынша Ресей делегациясының басшысы, президент көмекшісі Владимир Мединский: «Ыстанбұлда Ресей мен Украина арасындағы бетпе-бет келіссөздер раунды аяқталды, ол конструктивті өтті. Ресей деэскалация үшін Украинаға екі қадам жасап тұр. Ресей делегациясы Ыстанбұлда украин тарапынан нақты тұжырымдалған ұстаным мен ұсыныстар қабылдады. Олар зерттеліп, ел басшылығына жеткізіледі. Біз Украинадан қарастыру үшін ұсыныстарын, оның келісімге қосу туралы нақты тұжырымдалған ұстанымын алдық. Бұл ұсыныстар алдағы уақытта қаралып, Президентке ұсынылатын болады және тиісті жауабымыз беріледі. Келісім бойынша жұмыс тез атқарылып, ымыраға келетін болсақ, бітімге келу мүмкіндігі жақындай түседі», – деді. ТАСС: «Сондай-ақ, Ресей қорғаныс министрлігі Киев және Чернигов бағыттарында әскери белсенділікті күрт төмендету шешімін қабылдады», – деп жазды.