​ЮНЕСКО Орталық Азиядағы криосфера өзгерістеріне бейімделуге арналған өңірлік семинарды ұйымдастырады

​ЮНЕСКО Орталық Азиядағы криосфера өзгерістеріне бейімделуге арналған өңірлік семинарды ұйымдастырады

Климаттың өзгеруі қазіргі кездегі басты проблемалардың бірі болып табылады және Орталық Азияның әрбір өңірі үшін анағұрлым күрделі қатерлердің біріне айналды. Алматы қаласында, ағымдағы жылдың және 4 сәуір күндері бірінші өңірлік семинар өткізіледіонда табиғи апаттар түрінде ауыр салдарды тудыруға қабілетті ауа-райы өзгерістеріне және экологиялық проблемаларға байланысты ең маңызды мәселелер қаралатын болады. ЮНЕСКО-ның деректеріне сәйкесДүниежүзілік мұрагерлік тізіміне енгізілген ормандардың 50% астамысондай-ақ көгілдір көміртектің ең маңызды қоймалары болып табылатын теңіз объектілерінің үштен екі бөлігі тоқырау қаупінен қатерге ұшырау алдында тұрЖер қабатының құрғап кетуіорман өрттерісу басулар мен дауылдар — барлық осы құбылыстар ауа-райы өзгерістерінің салдары болып табылады.

БҰҰДБ арқылы ЖЭҚ қаржыландыратын және ЮНЕСКО іске асыратын «Ауа-райының өзгеруіне тұрақты дамудың және бейімделудің кешенді әдістерін әзірлеу үшін нивал-гляциал жүйелерін бағалаудағы өңірлік ынтымақтастық арқылы Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын күшейту» жаңа өңірлік жобасы Орталық Азиядағы ең маңызды экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған. Жоба өңірлік сумен жабдықтауды және тұрақтылықты қолдауға арналған қарлы, мұздықты және мәңгі тоңды жүйелердің маңыздылығын назарға аладыОрталық Азияның ауыл шаруашылықта және энергетикада осы сумен жабдықтау жүйелеріне тәуелді болуы оларды сақтау қажеттілігін көрсетедіЖоба Орталық Азия елдері арасындағы өңірлік ынтымақтастықты күшейтуге бағытталғанөйткені ауа-райының өзгерістері мен олардың су ресурстарына әсері криосфера туралы деректерді және әзірленген іс-әрекет жасау жоспарларын пайдаланумен, өңір елдерінің тұрақтылығын күшейту үшін біріге күш жұмсауды талап ететін трансшекаралық проблемалар болып табылатынын барлығымыз мойындап отырмыз.

«Су тұрақты даму барысында, соның ішінде қоршаған ортаны сақтауда, кедейлікпен және аштықпен күресуде негізгі рөл ойнайдысондай-ақ адамның денсаулығы мен игілігі үшін таптырмайтын нәрсе», — деп БҰҰ Бас ассамблеясы атап көрсетті.

Семинарға Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстанның, Түрікменстанның және Өзбекстанның ұлттық өкілдері, криосфера зерттеулері жөніндегі халықаралық сарапшылар, деректерді басқару және саясат жөніндегі мамандар, сондай-ақ гидрометорталығының өкілдері қатысады. Жобаның мақсаты криосфераның жай-күйін бағалау және мониторинг жасау, су ресурстарын тұрақты басқарудың кешенді әдістерін әзірлеу жйәне өзгеріп жатқан климаттың салдарын жеңу үшін бейімді стратегиялар қалыптастыру болып табылады. Семинаркриосфера мониторингі және деректерді басқаруда тиімді өңірлік ынтымақтастық үшін негіз қалауға бағытталған, бұл сенімді ұлттық іс-қимылдар жоспарын әзірлеуге және криосферадағы болашақ өзгерістердің ақпараттық жоспарлануын жүргізуге мүмкіндік береді.  

Семинар қатысушылары: «Орталық Азияның, су ресурстарының біздің таулардағы мұз бен қар қорларына тәуелділігі сияқты,  су ресурстарынатұрақты даму тәуелділігі сөзсіз. Таулы аудандарда су ресурстарының мониторингі облысында ынтымақтастықты нығайта отырып, біз бүкіл өңірді тұрақты дамыту мүддесінде суды ұтымды пайдалану үшін іргетас қалай аламыз. Біздің жоба Орталық Азияның барлық елдері арасында ынтымақтастықты нығайтуға және климаттың өзгеруіне бейімделу стратегиясын әзірлеуге бағытталған», - деп атап өтті

02.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: АРЫСТА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 47
ТӨЛЕБИДЕ ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 31
ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА АРДАГЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 08.05.2024 40

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1341
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7385
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11254
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7437
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7593