Республика күні қарсаңында Алматы облысының су шаруашылығы қызметкерлері жаңа арнайы техника алды

Республика күні қарсаңында Алматы облысының су шаруашылығы қызметкерлері жаңа арнайы техника алды

 Республика күні қарсаңында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов «Қазсушар» РМК-ның «Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы» филиалы мамандарына жаңа арнайы техниканың кілттерін табыстады. Қазіргі уақытта филиалға жүк көліктері, тракторлар, тартқыш көліктер, экскаваторлар, мотоциклдер және басқа да техникаларды қоса алғанда барлығы 47 техника жеткізілді.

 Филиал барлығы 73 арнайы техникамен қамтамасыз етіледі. Республика көлемінде «Қазсушар» кәсіпорнының филиалдарына жалпы саны 757 жаңа техника беру жоспарланған, оның 524-і қазірдің өзінде жеткізілген.

 Республика күніне орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шарада министр Алматы облысының су шаруашылығы саласының қызметкерлеріне Алғыс хаттар табыстады.

 «Жаңа әрі заманауи техника филиалдардың жұмыс тиімділігі мен қауіпсіздігін арттырады. Министрлік берген жабдықтар мен автокөліктер қазірдің өзінде гидротехникалық нысандарды жөндеу, салу және тазалау жұмыстарына пайдаланылып жатыр. Сонымен бірге біз су саласы қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға және олардың мәртебесін арттыруға ерекше көңіл бөлеміз. Биыл «Табиғи монополиялар туралы» заңға су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын 50 пайызға дейін арттыруды көздейтін өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ министрлік мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларын тұрақты түрде ұйымдастырып келеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

 Алматы облысына жасаған жұмыс сапары аясында Нұржан Нұржігітов «Алматы облысы су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен «Қазсушар» РМК өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кездесуде су шаруашылығы нысандарын салу және реконструкциялау мәселелері, сондай-ақ 2026 жылғы суару маусымына дайындық барысы талқыланды.

21.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 248
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 239

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18907
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18775
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33939
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32490
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36295