Жағымпаздардан арыламыз! Сенат жаңа есімдермен толығады...

Жағымпаздардан арыламыз! Сенат жаңа есімдермен толығады...

Сайлаудан кейін Сенатқа жаңа адамдар депутат болып келеді. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты.

 

«14 қаңтарда сайлау өтеді. Осы орайда 20 сенатор сайланатын болады. Әр өңірден бір депутаттан келеді. Қазір 20 орынға 64 кандидат тіркелген. Демек, бір орынға 3 кандидаттан келіп тұр. Бұл өз кезегінде бәсекелестік бар екенін білдіріп отыр. Осы 64 кандидаттың арасында 30 пайызы әйел адамдар екені құптарлық үрдіс», - деді М. Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

 

Сонымен қатар ол сайлаудағы кандидаттардың арасында төртеуі қазіргі сенаторлар екенін айтты.

 

«Олар негізінен былтыр жаңадан құрылған облыстардан келген сенаторлар. Сол себепті Сенатқа жаңа адамдар депутат ретінде келетінін атап өткен жөн. Қоғамда қазір жаңа адамдарға деген сұраныс бар. Сондықтар Парламентке, Сенатқа жаңа адамдар келіп жатыр деп айтуға болады», - деді Сенат төрағасы.

 

Еске салсақ, 2023 жылдың 14 қаңтарында еліміздің 20 өңірінен бір-бір Сенат депутатын сайлау өтеді.

13.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС БАСШЫЛЫҒЫ МЕН ЖЫЛЫЖАЙ ИЕЛЕРІ БАС ҚОСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 345
ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫН ҮЙ САЛАСЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 27.01.2023 382
БАСПАНА КЕЗЕГІНДЕ 1990 АДАМ ТҰР
Жарқынбек ШОҒАЛОВ, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы - 26.01.2023 367

Топ жаңалықтар

1
ТҮРКІСТАНДА «ӘЙЕЛДЕР КӘСІПКЕРЛІГІН ДАМЫТУ – АЙМАҚТЫ ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 308
2
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БАРЛЫҚ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 309
3
Елнұр Бейсенбаев: "Сайлауалды бағдарламаға ұсыныстар халықтан тікелей жиналады"
Show more
«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі - 2023-01-28 304
4
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Show more
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 2023-01-28 310
5
Алматы облысы Тәуелсіздік ұрпақтары марапатталды
Show more
Ермек Сахариев - 2023-01-26 165