Жайылымдық жер мәселесі қашан шешіледі?

Жайылымдық жер мәселесі қашан шешіледі?

Пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылуы керек

Президенттің осы тапсырмасын орындау үшін «Amanat» партиясының жанынан «Жер аманаты» комиссиясы құрылған-ды. Комиссия мақсаты –  пайдаланылмай бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және кейін оны ауыл тұрғындарының арасында әділ үлестіру. Аталған комиссия жүргізілген жұмыстар нәтижесінде соңғы бірнеше ай ішінде 140 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы «Amanat» партиясының хатшысы, аталған комиссияның төрағасы Дәулет Кәрібек Ақтөбе облысына іссапармен келгенде айтқан болатын. 

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов, «Amanat» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Ербол Данағұлов, Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов және аталған комитеттің басқарма басшысы – мемлекеттік инспектор Сағадат Дүйсеновтің қатысуымен Ақтөебеде осы мәселе талқыланған жиын өтті. 

«Қазақ халқында «Жер – елге аманат, ел – ерге аманат» деген нақыл бар. Жер мәселесін шешетін уақыт келді», – деді Дәулет Кәрібек. 

Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов өңірдегі елді мекендердің жайылымдық жерлері туралы кеңірек мағлұмат берді. 

– Былтыр облысымыздағы бос жатқан және қолданылуы тиімсіз жайылымдарды қайтару туралы сол кездегі «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес, 500 мың гектар ауылшаруашылық жерін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланған болатын. Соған байланысты мемлекеттің босалқы жер қорына пайдаланылмағандығы анықталған жалпы көлемі 524,8 мың гектар жер учаскесі қайтарылды. Оның  39,2 мың гектары – егістік. Жоспар 104,9 пайызға орындалды, – деді басқарма басшысы.

Облыс бойынша өткен жылдың қаңтар айынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары» талаптарына сәйкес, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге «Qoldau.kz» порталында цифрлы мониторинг жүргізу жұмыстары жүргізіліп келеді. Биыл облыс бойынша 5 конкурс өткізу арқылы ауылшаруашылығы мақсатындағы жалпы көлемі 368,1 мың га жер учаскелері айналымға енгізілген, оның ішінде 4,3 мың га – егістік. 

Сондай-ақ нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбайтын жалпы көлемі 98,2  мың га жер учаскесі анықталып келісімшарттарды мерзімінен бұрын тоқтату арқылы мемлекеттің босалқы жер қорына қайтарылған, оның ішінде егістік жерлер көлемі – 1,4 мың га. 

– Биыл облыс бойынша ауылшаруашылығы жерлері пайдаланылмай жатқан 244 жер пайдаланушының тізімі  (551 мың гектардан астам)  жасақталды. Әрі қарай тексеру жүргізу үшін аталған тізім Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментіне жолданды, – деді басқарма басшысы. 

Елімізде жайылымдық жер мәселесі мал баққан шаруаның «жанды жеріне» айналып отыр. Малын жаяйын десе – меншігінде жер жоқ. «Қызығы» сол – айналада ат шаптырым жері бос жатуы мүмкін. Бірақ ол – басқанікі – игерілмеген, мақсатты түрде пайдаланылмаған жер. Бұл мәселе ел Президенті деңгейінде де көтерілді. Биыл қаңтар айында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жайылымдар мәселесіне арнайы тоқталды: «Бұл жерлер, ең алдымен, ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы керек. Жергілікті әкімдіктер жұмысты дұрыс ұйымдастырмай отыр. Соның салдарынан, ауыл тұрғындары мал жаятын жайылым таппай қиналуда. Әсіресе Алматы, Түркістан облыстарынан арыз-шағымдар көп түсуде. Жайылымдардың 99 пайызы шаруа қожалықтарының иелігінде. Алайда оның 36 пайызында ғана мал жайылады. Қалған 46 миллион гектар жайылымдық жер бос жатыр. Үкіметке Бас прокуратурамен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін осындай жайылымдарды қайтарып алуды тапсырамын. Оны ауыл тұрғындарының игілігіне берген жөн», – деді Президент. 

 

Тексеру жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаменті жердің ұтымды және тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді, яғни еліміздегі Жер заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз  етеді.  Аталған мекеме биыл жыл басынан 145 мың гектар жерде жүзден астам жерде тексеріп жүргізіп, 94 мың гектар алаңда Жер заңнамасын бұзған 71 дерек анықтап, оларды жою үшін тиісті нұсқамалар берген. 

– Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мемлекет Басшысының қабылдауында болған кезде қолданыстағы микро және шағын субъектілерді тексеруге арналған мораторийдан жер заңнамасы сақталуына қатысты тексерістерді ұйымдастыру бойынша шектеуді алу туралы талқылап, оң шешім қабылданған болатын. Министрліктің биылғы 4 мамырдағы №139 «Бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулерді тағайындау және жүргізу туралы» бұйрығы негізінде департамент тарапынан пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы жерлері қатаң бақылауға алынып отыр. 

Бүгінде жалпы көлемі 551 мың гектардан асатын пайдаланылмайтын ауылшаруашылығы мақсатындағы 244 жер учаскесі анықталды. Оның ішінде 122 субъект облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасына жолданды. Жүргізілген 99 тексерістің 65-інен бұзушылықтар анықталып, нұсқамалар берілді. Ал, 34 субъектіде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру базасында (ИСЖ) мал басының тіркелуіне байланысты, бұзушылық анықталмады.

Бұл жер учаскелері бойынша бірінші кезекте Жер Кодексінің 81-бабына сәйкес жер пайдаланушыларға өз еркімен бас тарту арқылы мемлекетке қайтару қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде «Amanat» партиясымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жыл басынан бері 74,4 мың га жер учаскесі қайтарылды, – деді аталған департамент басшысы Б.Қырықбаев. 

Жүктеме нормасына сәйкес келмейтін және өзге де жер заңнамасы талаптарының бұзылуы бойынша тағы да  100-ден астам субъектілердің тізімі жасақталып жатқаны айтылды. 

– Жалпы, 1000 гектар жерді пайдаланылып жатыр деп есептеу үшін 21 бас ірі қара, немесе 101 бас қой-ешкі, немесе 17 бас жылқы , немесе 17 бас түйе жеткілікті. Яғни, 1 бас ірі қараға – 10 гектар,  1 бас қой-ешкіге – 2 гектар,  1 бас жылқы мен түйеге 12 гектар жер жетеді. Бұл орташа есеппен және облыстың аймағына қарай өзгереді. 2023 жылдан бастап 50% дан кем мал басы болса пайдаланбайды деп есептеледі, – дейді ол. 

 

Шабындықтар да жетпейді 

Партияның хатшысы, комиссия төрағасы Дәулет Кәрібек басқарған осы комиссияның жұмыс тобы Ақтөбе облысының Қобда ауданы аумағында да көшпелі мәжіліс өткізді. Шаруалармен әңгіме барысында өзекті мәселелер талқыланып, аграрлық сала еңбеккерлері мен мал өсірушілер өздерінің ұсыныстарын айтты. Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Әбтиевтің айтуынша, облыста мал жайылымы үшін әлі де 105 мың гектар жер қажет.  

– Соның ішінде Байғанин ауданында – 15 мың гектар, Хромтауда –  1,9 мың гектар, Қобдада – 2,1 мың гектар, Әйтеке биде – 149 гектар, Қарғалыда 876 гектар және Ақтөбе қаласында 370 гектар жер қайтарылды. Жайылымдықтардың жалпы аумағы 25 миллион гектарға дейін жетеді. Олардың басым көпшілігі шалғай жерлерде орналасқан, ал жер учаскелері жетіспеушілігі елдімекендер маңайында туындап отыр. Облыстың жеке қосалқы шаруашылықтарында 314,8 мың бас мал тіркелген. Оларды жайып бағу үшін шамамен 105 мың гектар жайылымдық жер жетіспейді. Бұл мәселе Алға, Мәртөк, Темір аудандары мен Ақтөбе қаласы айналасында күрделі күйінде қалып отыр. Осы түйінді шешу жолында 244 жерді жосықсыз пайдаланушылар тізімі құрылымдалып, оның материалдары құзыретті органдарға берілді, – деді Асылхан Әбтиев. 

Жиында қобдалық шаруалар да аудандағы мәселелерді ашық айтты. Ауданда 7 239 га жер учаскесі қайтарылған. Дегенмен аудандағы мал басын көбейткісі келетін шаруа қожалықтары жайылым жерлер мен шабындық алқаптарының жетіспейтінін айтады. Мәселен, иелігінде 1,5 мың гектар жайылымдық жері бар «Алтын Дала» шаруа қожалығының жетекшісі Сәндібай Әлитұрлиев мал басын арттырғысы келетінін, дегенмен қазірдің өзінде жерінің жетіспей отырғанын айтты. Сондай-ақ, шаруалар ірі қара малы үшін белгіленетін жайылымдық жер нормаларын әр облысқа әртүрлі белгілеу қажеттігін айтты, себебі әр өңірдің жерінің климаты да, шөп шығымы да әртүрлі. Диқандардың ұсыныстарын тыңдаған Дәулет Кәрібек барлық мәселелердің аяқсыз қалмайтынын, комиссия қарауына шығарылатынын айтты. 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 161
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 158
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 124
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 268
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 271
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 481
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 444

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9142
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8541
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11769
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9535
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10749