Залалды қалдық жойылып, қауіпсізі кәдеге жаратылмақ

Залалды қалдық жойылып, қауіпсізі кәдеге жаратылмақ

Бұрынғы Ақтау пластмасса зауыты аумағындағы қауіпті қалдықтарды көму  мәселесінде  құр сөзден  нақты іс-әрекетке көшкендігі байқалады.  Үш жыл бұрын сот шешіміне сәйкес қалдық үйіндісі республикалық меншікке, нақтыласақ «Жасыл Даму» АҚ-на өткізілген еді. Былтыр тексеріс нәтижесінде қауіпті қалдықтардың бір бөлігіне паспорт жасалды. Алдағы жылы «Жасыл Даму» қоғамы зауыт аумағында орналасқан иесіз химиялық қалдықтар, материалдар, реагенттер мен шикізаттардың 70 түріне зертханалық талдау жасау үшін қосымша 42 млн теңге бағытталыпты. Ал 2023 жылы барлық қалдықтарды жою үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге  бөлу жоспарланған. 

Ал бұрыңғы «Күкірт-қышқыл зауыты» аумағындағы күкірт колчеданы мен пириттік тұқылдардың қауіпті қалдықтарын жою мәселесі де назардан тыс қалмақ емес. Химиялық гидрометаллургиялық зауыттың (ХГМЗ) жабық аумағында сол кезде радиацияға ұшыраған құрылғылар мен қондырғылар, контейнерлер мен, құбырлар, металл қалдықтары т.б. залалсызданбай қалып қойғандығы мәлім. 2009 жылғы сатып алу-сату туралы келісімшартқа сәйкес жалпы ауданы 119 гектарды құрайтын  бұрынғы өндірістік аумақ «Каспий Экологи» ЖШС меншігіне өткен еді. 2017 жылы ХГМЗ аумағынан 28 нүкте радияциялық жай-күйіне зерттеу жүргізіліп, нәтижесінде 9 нүктеден шекті рауалы қуаты жоғары екендігі анықталған. Бүгінге дейін сол аймақтағы ескі нысандардың 80-90 пайызы қайта құрылымдалған. Бекітілген кестеге сәйкес, қалған ғимараттарды бұзу жұмыстары аяқталуда және аймақты құрылыс қалдықтарынан тазартып, бір орынға жинау жұмыстары жүргізілуде. Қосымша бейнеқұрылғылар орнатылып, аумақтың ашық жерлері қоршалған. Сонымен қатар ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жоғарыда аталған нысаннан шыққан радиациялық құрылыс қалдықтарын 25-30 шақырымдағы уран карьеріне орналастыру мәселесіне ұсыныстар беріліп жатыр екен.

Ақтау қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан екі ірі уран кеніне тыйым белгілерін орнату арқылы жануарлардың кіруіне жол бермеу мақсатында қоршау көзделген. Өз жұмысын өткен ғасырдың 90 жылдарында аяқтаған карьерлер түгелдей Мұнайлы ауданының аумағында жатыр.  Оларға 2008 жылы «Волковгеология» АҚ күшімен толық зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде уран рудасының жолақтары тереңдігі 60-100 метр карьердің түбінде жатқандықтан, жан-жағына тікелей қауіп жоқ екені анықталды.Топырақтың уран рудасы орналасқан ең төменгі қабатының ылғалдылығы тұрақты 30 пайыздан жоғары болғандықтан шаңытпайды. Осыған байланысты радиацияның жан-жаққа тарау қаупі жоқ. Дегенмен карьердің аумағына мал кірмеу үшін және көлік құралдарының кіруіне шектеу қою үшін ұзындығы 1,1 шақырым ор қазылып, 9 дана арнайы белгілер орнатылды. Карьерлердің айналасын мал кірмеу үшін жан-жағының құлаған жерлерін қоршауды және азаматтарды ақпараттандыру мақсатына қосымша орнатылатын белгілер әзірлеуді Мұнайлы ауданы әкімдігіне тапсырылды.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Д.Құсбековтің мәлімдеуінше, қалдықтарды сұрыптап, қайта кәдеге жарату жұмыстары Ақтау, Жаңаөзен қалаларында және Қарақия ауданында жүргізілуде. «2021 жылдың  9 айында облыс бойынша 102 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар жиналды, оның 28 989 тоннасы немесе 28,3 пайызы сұрыпталып, қайта өңдеуге өзге облыстарға және шет мемлекеттерге, Ресей мен Өзбекстанға  тасымалдануда. Сондай-ақ өңір аумағында 9 қалдықтарды қабылдау пункттері бар. ЖК «EcoWeste Aktau» «Оператор РОП» ЖШС мемлекеттік сатып алу тендері арқылы Ақтау қаласынан 6, Жаңаөзен қаласынан 3 қалдықтарды қабылдау пункттерін ашты. 2021 жылы Жаңаөзен қаласынан тағы бір «Эко пункт» қалдықтарды қабылдау пункті ашылды және Ақтау қаласында 500-ден аса пластик бөтелкелерді бөлек жинауға арналған контейнерлер бар. 2017 жылдан бері облыста барлығы 153 мың тонна қалдықтар сұрыптап, өңдеуге жіберілген. Қалдықтарды сұрыптау Жаңаөзен қаласындағы және Мұнайлы ауданындағы ТҚҚ полигонында жүзеге асуда. Сонымен қатар облыста құрылыс жұмыстары кең етек жаюда. Сәйкесінше құрылыс қалдықтарының күрт өсуі экологиялық ахуалдың төмендеуіне әсерін тигізуде. Осыған орай, облыс үшін Мұнайлы ауданындағы полигон маңынан құрылыс қалдықтарын жинау мен қайта өңдеу алаңын ашуды ұйымдастырсақ деген жоспар бар», – деді ол.

 

Қоқыс полигоны салынады

 

Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарына Ақжігіт және Жыңғылды ауылдарына-3, Ақшұқыр мен Сайын Шапағатовта-2  тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарын салу және 12 300 дана контейнер, 17 көлік құралдарын сатып алу енгізілді. Осы аталған іс-шаралар «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын Маңғыстау облысында іске асыру туралы жол картасында да тұр.

Голрох Жеменей, маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
02.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 84
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 89
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 190
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 328
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 331
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 553
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 500

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9204
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8601
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11828
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9598
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10811