ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ

Қазақ халқының даналығында «Жалған сөз жарға жығады» деген тәмсіл бар. Сонда айтылғандай жалған сөйлеу, жалған ақпарат тарату – адам баласының ар-абыройына нұқсан келтіретін нәрсе. Оны бабаларымыз білген. Сондықтан да жалған сөйлеуге, біреуді даттауға жол бермеген. Соның арқасында ел ішінде ынтымақ пен бірлік болған. Бүгіндері бәрі керісінше, жай өмірде ғана емес, әлеуметтік желіде де бір-бірін сыртынан қаралау, жалған ақпарат тарату үдеп тұр. Соның салдарынан түрлі жаманшылықтар белең алуда. Адамдар арасындағы сыйластықтарға да сына қағылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 10 шілдеде қабылдаған түзетулер аясында Әкімшілік кодекске енгізілген «Жалған ақпарат орналастыру, тарату» бабы бар. Ол жерде бәрі нақты жазылған. Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Ақпарат тұтынушылардың көбі мәліметтің рас-өтірігін ажырата алмайды. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар көптеп тарайды. Қазақстан заңнамасына сәйкес, фейк ақпарат таратқандар жазаланады. Десе де, көп адам мұндай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынынан бейхабар. Жалған ақпарат таратушылар қандай жазаға тартылады? Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Жалған ақпарат тарату 2015 жылы жаңа Қылмыстық кодексі қабылданғаннан кейін қылмыс түрінде (274-бапқа сәйкес) қарастырыла бастады. Жоғарғы соттың ақпараттық базасындағы мәліметтерге сенсек: 2015-2016 жылдары – 2 іс; 2017 жылы – 4 іс; 2018 жылы – 1 іс; 2019 жылы – 3 іс бойынша жұмыс жүргізілген. «Қылмыс құрамының басты шарттарының бірі – таралған ақпараттың қоғамға, азаматтарға елеулі зиян келтіруі. Яғни, таралған ақпарат қоғамда резонанс тудыруы қажет. Істердің аздығынан сот практикасын да болжау қиын», – дейді заңгер Болатбек Ержан. Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Еліміз үшін стратегиялық маңызы бар тағы бір мәселе – шекаралас аймақтарды дамыту. Жер – басты байлығымыз. Туыңды тігер тоқымдай жерің болмаса, өз мемлекетің де болмайды. Бабаларымыз бізге ұлан-ғайыр аумақты мирас етті. Оны шашау шығармай сақтап, көркейту – біздің қасиетті борышымыз. Осы орайда, «Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр» деген сөз ара-тұра айтылып жатады. Бұл – жалған ақпарат», – деді Мемлекет басшысы. Президент елімізде жерге қатысты түбегейлі шешім әлдеқашан қабылданғанын, ол шешім заңмен біржола бекітілгенін баса айтты. «Түрлі дақпыртқа сеніп, жұртты дүрліктіретін жалған ақпарат таратуды доғару керек. Біз бабалар аманатына әрдайым адал боламыз. Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз. Шекара маңындағы елді мекендердің ахуалы жеріміздің тұтастығына және еліміздің амандығына тікелей ықпал етеді. Шын мәнінде, бұл – стратегиялық маңызы бар мәселе. Өкінішке қарай, шекара шетіндегі кейбір елді мекенде халық саны күрт азайып кетті. Бұған бір кездегі аудандарды біріктіру жөніндегі шешімдер де ықпал еткені сөзсіз. Облыстардың ішкі аумақтық-әкімшілік құрылымында ойланатын тұстар бар. Біз былтыр Абай, Ұлытау және Жетісу облыстарын құрдық. Бұл шешім аймақтардың дамуына тың серпін берді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

18.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 50
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 578
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 692
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 607
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 616

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8753
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8153
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11382
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9136
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10367