Жалған ақпараттың әлегі көп

Жалған ақпараттың әлегі көп

Жалған ақпарат таратып, елді әлекке салушылардың қатары азаймай тұр.   Ақпаратты қабылдайтындардың дені түскен хабарлардың шын-өтірігін ажыратып жатпайды. Көбінесе аңғал адамдар соған сеніп, дүрлігіп жатады. Мұндайда  төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілерде жалған мәліметтер жиі  таралады. Алайда жұртты алдауға құмар «қалжыңбас» жандар осындай әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын білмейді. Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. 

Жыл басынан бері терроризм туралы жалған ақпарат бергені үшін жеті адам бас бостандығынан айырылып, абақтыға қамалды. Осы жөнінде  Ішкі істер министрлігі мәлімдеме жасады. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін  Қылмыстық кодекстің 273-бабында жаза тағайындалған. Яғни айыппұл салу, түзету жұмыстары, сонымен қатар 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Елімізде жыл басынан бері терроризм жөнінде жалған ақпарат бергені үшін жеті адам бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Терроризм актісі туралы жалған хабарлама үшін жаза Қылмыстық кодекстің 273-бабында көзделген. Ол үшін айыппұл немесе түзету жұмыстары, сондай-ақ 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. ҚР ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев: «Қылмыскердің қылмыс жасауы әртүрлі болуы мүмкін. Ол –  кек алу, бұзақылық ниет, өзіне назар аудару. Алайда адамның қалжың ретінде ойланбай жасаған әрекеті үшін шынайы ауыр жаза қолданылатынын бұл жерде түсіндіргім келіп отыр», – дейді. 

   Әлеуметтік желілерде   «Мамырда зейнетақыға 40 мың теңге қосылады» деген  ақпарат тарап жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оның жалған екенін айтып, халықты сенбеуге шақырды.  Заң бойынша зейнетақыға ешқандай үстемеақы қосу болмайды деп түсіндірді. Биыл әлеуметтік төлем жаңа жылда 7 пайызға өскен болатын.  Министрлік жалған ақпарат таратқандар  үшін қатаң жаза қолданылатынын  ескертті.

 

Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ
30.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 144
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8840
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448