Жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды

Жалпы отырыстың күн тәртібі анықталды

Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі жобасы нақтыланды.

​Бюро отырысында депутаттардың бастамасымен әзірленген атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды.

​Құжат атқарушылық іс жүргізу мәселелері жөніндегі заңнамалық актілердегі олқылықтарды, қайшылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін нормаларды жоюды көздейді. 

​Сонымен қатар Мәжіліс депутаттары өңірлерде өткен халықпен кездесулер барысында келіп түскеназаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтытыңдап, аталған мәселелерді талқылайтын болады.

Палатаның алдағы жалпы отырысында ТМДмемлекеттері үкіметтерінің арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттаманы ратификациялау туралы, сондай-ақ азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын жұмысқа алу жоспарланып отыр.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, 74-63-01. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
01.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 28056
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 27539
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44916
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 40568
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 45226