Заманауи мектептер

Заманауи мектептер

Цифрлық оқулықтарды енгізу және қолдану төңірегіндегі ойлар


«
Алматыкітап баспасы» еліміздің барлық өңіріндегіұстаздар қауымына арнап «TopIQ.kz» цифрлық  оқулықтар  платформасымен таныстыру және пайдалануға бейімдеу семинарларын ұйымдастырып жатыр.

Баспа мамандары бұл семинарларды «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында әрі ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесінің салмағын жеңілдету» тапсырмасын орындау мақсатында жүргізді. Мұндай іс-шаралар Жамбыл облысының Шу, Қордай, Жамбыл ауданының мектептерінен бастау алды. Одан кейін Маңғыстау облысында Ақтау қаласының 28 мектебінің және Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарының мұғалімдері қамтылған семинарлар өткізілді.Семинарлар Қостанай және Ақмола облыстарында жалғасын тапты. 

         Көкшетау қаласының IT-лицейінде және 12 орта мектеп-гимназиясында «Информатика», «География» оқулықтары авторларының тікелей қатысуымен «TopIQ» платформасында ашық сабақтар өткізілді. Семинар барысында еліміздің барлық өңірінің мұғалімдері білім беру платформасының оқу материалдарын жылдам меңгеруге ықпал ететінін айтып жатыр. Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға негізделген функциялары мен контенттері жоғары бағаланды. Заман талабына сай дайындалған отандық цифрлық өнімді жетілдіре түсу ниетіндемұғалімдер практикасындағы ұтымды ұсыныстары мен өтімді ойларын да ортаға салып жаттыӨңір ұстаздарын электрондық оқулықтардағы интерактивті тапсырмалар мен анимациялық материалдар, әсіресе бастауыш сынып оқушыларына арналған цифрлық контенттер қызықтыруда. Мәселен, Ақтау қаласының ұстаздары «Алматыкітап баспасының» «Әліппе» оқулығын балама оқулық ретінде платформаға енгізуді сұрады. Жамбыл ауданы Аса ауылының бастауыш сынып мұғалімі «Букварь» оқулығына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, ұстаздың энергиясын үнемдеуге, оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға, жан-жақты дамуына  аудио, бейне, әдістемелік материалдар оң әсер етеді деп, алғысын айтты. Ал Маңғыстау облысының мұғалімдеріне«Әдебиеттік оқу» оқулығының мазмұндық, әдістемелік тұстарының ұнағаны соншалық, «Ер қанаты – тұлпары» параграфын бірнеше рет қайталап көрсетуді сұрады.Сондай-ақ, көптеген ұстаздарды планшет мәселесі толғандырады екен. Олар «Планшеттер балалардың көз жанарына кері әсер етпейді ме? Мектепте қолданған техниканы үйге алып кетеді ме? Қағаз оқулықтар мен дәптерлерді қосымша пайдаланады ма? Техника мемлекеттік қордан сатылып алынады ма?» деген сындысауалдар қойды. Ұлт ұрпағының тәрбиесіне жауапты тұлғалардың осындай өзекті мәселелерді көтеруі көңіл қоншытарлық сәт болды. Өйткені бұл - болашаққа бейжай қарамағандықтың кейпі.  Семинар спикерлері планшет мәселесіне келгенде, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріБағдат Батырбекұлы Мусиннің журналистерге берген мәлімдемесін алға ала отырып, тұшымды жауаптар қайтарды. Сонымен қатар, қағаз оқулықтар электронды оқулықтармен қатар қолданыста болатындығын да ескеріп кетті. Екі құралды ұтымды қолдану - ұстаздардан шығармашылық шеберлікті талап ететіндікті еске салды. Ал цифрландыруға арналған планшеттердің сатып алу мәселесіне келсек, ол уақыт еншісінде. Қазіргі таңда баспаның міндеті – жанды, қызықты, сапалы цифрлық білім беру контентін қалыптастырып, қамтамасыз ету. Ұстаздар шалғай аудандардағы интернет жылдамдығы мен мектептерді техникалық жабдықтау мәселелері оң шешімін тауып жатса, платформаны оқыту процесінде пайдалануға дайын екендіктерін де айтты. Жиын соңында ұстаздарға,Астана қаласы мектеп мұғалімдерінің планшеттің оқушы сөмкесінің салмағын азайтудағы пайдасы жөнінде түсірілген видеосы көрсетілді. Әріптестерінің 3 минуттық бейне түсірілімі көптеген күмәнді сейілтіп, планшет мәселесіне түйін қойды.

Гугл және интернет дәуірінде дүниеге келген балалардың білімді қабылдауы мен қорытуы өзгеше. Қазіргінің жастары тек қағаз тасмалдағыштағы ақпаратпен шектеліп қалғысы келмейді, оларда жан-жақтылық пен цифрлық білімге құштарлық басым. Заманның талабы да сондай тұлғаларды талап етуде. 

         Семинардың негізі бөлімі аудио және видео сүйемелдеумен, «TopIQ.kz» платформасының тиімділігі мен артықшылығына аса мән беріле отырып, таныстырылым форматында ұсынылды. «Алматыкітап баспасы» ұстаздар қауымына аса қажет семинарларын жылдың соңына дейін барлық өңірде өткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде Батыс Қазақстан облысы, Алматы облысыЖетісу облысы және Шымкент қаласының Білім басқармалары осындай іс-шара өткізуге тапсырыс беруде. Қашықтан оқыту режімінде өткен 20202021 оқу жылдарында «Алматыкітап баспасы»дайындаған  цифрлық контент еліміздің көптеген аймағында оқу үдерісіне енгізіліп, халықтың сынағынан мүдірмей өтті. Тәжірибе көрсеткендей электронды оқулықтар – білім беру процесін оңтайлы ететін замануи өнім.

11.11.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 50
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 118
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 123
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 308
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 931

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9003
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8398
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11624
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9381
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10608