Заманауи өрт сөндіргіш билікке неге ұнамай тұр?

Заманауи өрт сөндіргіш билікке неге ұнамай тұр?

Ардақты газет басшылары!

Сіздердің газеттеріңізге 07.10.2021 жылы «Өнертапқыш Марат Аюбаевтың жаңалықтары шаң басып жатқанына 20 жыл» атты сұхбат жарияланған болатын.  Редакцияға көп-көп рахмет! Бауыржан Момышұлының осыдан 45 жыл бұрын маған айтқан өсиеті дәлме-дәл келіп отыр. Ол: «Марат, сен болашақта қанша жазсаң да, қанша айтсаң да, түк түсінбейтін, басында ноқаттай миы жоқ, маубасқа жолығасың» деген еді. Мен 15 жылдан аса уақыт Тараз қаласы, облыс әкіміне, үкімет басшыларына хат жазып келемін. Хатымда айтылғаны – менің тапқан жаңалықтарымды іске асырып, елімізге көптеген пайда келтіру. Қазақ мемлекетінің абыройын арттыру. Бірақ олар түсінер емес. Енді Сіздердің газеттеріңізге жіберіп отырған осы хатымда біздің (немеремнің де екі жаңалығы бар) тапқан 30 жаңалығымыздың 2-уін сипаттап берейін. 

Бірінші жаңалық. Өрт сөндіру техникалары:

- «Көп салалы Аюбаевтардың өрт машинасы» Патент №28801;

- «Өрт тікұшағы» Патент №1208

Бұл өрт техникалары болған өртті 7 тәсілмен (бумен, сумен, булы-сумен, инертті газбен, сулы-булы-газды көбікпен) 24 сағат уақытта өшіруге қабілетті. Қазіргі кезде жер жүзіндегі өрт машиналары болған өртті бір-екі тәсілмен, ең көп дегенде жарты-бір сағатта өшіреді.

Себебі: Физика заңында – бір көлем судан бес мың көлем бу алуға болатыны дәлелденген. Сол үшін осы өрт техникалары бу қазандығымен және басқа құралдармен жабдықталған. «Өрт тікұшағын» өте шалғай (алыс) және өрт машинасы бара алмайтын жерлерде пайдалануға болады. Осы өрт техникаларын өрттен басқа салаларда пайдалануға болады. 

Мысалы:

- Ғимараттарды, бөлмелерді, заттарды ыстық бумен (темпертатурасы 130-150 градус) залалсыздандыру;

- Коронавирус, құс тұмауы инфекцияларын (микробтарын) ыстық бумен өлтіру;

- Қатты аязда қатып қалған су құбырларын ыстық бумен ерітіп іске қосу;

- Фермалардағы, қоралардағы  кене, бүрге паразиттерін ыстық бумен өлтіру;

Осы жұмыстарды істеген кезде адам затына, мал-жануарларға, құстарға еш зақым келмейді. Ал химиялық у қолдансақ, тірілерге көп зиян келетіні белгілі.

Тағы айтарым:

Осы техникаларды елімізде жасап шығарсақ, келесі нәтижелерге жетеміз:

- Тоқтап тұрған зауыттарымыз жұмыс істеп, мыңдаған адамға жұмыс табылады;

- Елімізде жасап шығарған өрт техникаларын басқа мемлекеттер бізден сатып алып, біздің бюджетке миллиардтаған қаржы түседі;

- Өрттерін өшіре алмай жүрген мемлекеттер Қазақ еліне алғысын айтады;

- Қазақ елінің мәртебесі жоғарылайды;

Екінші жаңалық. «Жанармай қоймаларында өртті ешқашан болдырмау». Патент №2272.

Өздеріңіз білесіздер, жанармай қоймаларындағы болған өрт көптеген миллиард шығын әкеледі.

Егер осы жаңалықты іске асырсақ:

- Елімізде(жер-жүзіндегі) жанармай қоймаларында ешқашан өрт болмас еді; 

- Егер бір себептерден өрт болса,  еш адамның қатысынсыз 2-3 минутта автоматты түрде өзі өшер еді;

- Жанармай қоймасына, жанармай ыдысына еш зақым келмес еді;

- Табиғатымыз болған өрттен зақым алмас еді;

- Өрттен өте аз шығын болар еді;

Мен осы жаңалықтардың елімізге (адамзатына) пайдасы келерін дәлелдеу үшін 2014, 2019 жылдары тәжірибе-сынақ жасадым.

- 2014 жылы өрт техникасының құрылғылары сынақтан өтті;

- 2019 жылы жанармай ыдысындағы болған өртті инертті газбен өшіру тәсілін сынадық;

Тәжрибе-сынаққа өрт мамандарын, төтенше – жағдай комитетінің қызметкерлерін және басқа кісілерді шақырдым. Сынаққа қатысқан кісілер менің тапқан жаңалықтарыма оң бағасын беріп, сынақтың өте нәтижелі өткені тұралы акт жазып, қолдарын қойды. Бейне-фильм түсірілді. Осы құжаттарды және «Фильм о пожаре» деген бейнекөріністі Интернеттен, Facebook деген желіден – «Марат Аюбаев» деген  парақшадан көруге болады.

Тағы айтарым: Астанада, 2015 жылғы «Шапағат-2015» деген Республикалық конкурста біздің (немеремнің) «Көп салалы өрт машинасы» бірінші орынды жеңіп алып – 3 министірдің қолы қойылған дипломды алды. Ал «жанармай қоймаларында ешқашан өрт болдырмайтын» жаңалығым өте сәтті өтсе де, Жамбыл облысының кәсіпкерлер басқармасы сот арқылы осы тәжрибе-сынаққа жаратылған қаржыны (екі миллион теңге) қайтарып беруіме шешім қабылдады.

Сонда бұл қалай болғаны? Осы жаңалық арқылы елімізге (жер жүзінде) жанармай қоймаларында ешқашан өртті болдырмайтын, өрттен адам өлімі болмайтын, өте аз шығын болатын жаңалықты Жамбыл облысының басшылары қолдамай, керісінше жаңалық ашқанға қарсы болып, екі миллион «айыппұл» салып отыр. Сонда өрттен адамдар өлсе өле берсін, өрттен барлық дүние жанып кетсін дегені ме?!

Аса ардақты газет басшылары! Сіздер осы хатты газет бетіне жариялаңыздар,  бәлкім облыс, үкімет басында отырған кісілер ұйқыдан оянып бір амал жасар.

Марат АЮБАЕВ, өнертапқыш
17.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 60
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 186
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 183
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 48
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 150
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 297
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 511
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 468

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9167
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8565
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11793
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9561
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10773