Жамбыл ауданына ақпан айында тағайындалған Ерлан Қыдыралыұлы үш ауылда көтерілген мәселелердің орындалуы барысын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
– Бүгін Айшабибі, Бесағаш, Қарой ауылдық округтерінде болып, тоқсан қорытындысы бойынша ауылдарда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндадық.
Өткен жылдың қорытынды есебінде аталған елдімекендердің тұрғындары шешімін таппай келе жатқан бірқатар мәселені назарға ұсынған болатын.
Бүгінде облыс әкімінің қолдауымен өтініштер мен тұрғындар алдында берген уәделерімізді орындауға кірістік.
Айша бибі ауылындағы Жібек жолы, Қаратау ауылындағы Б.Момышұлы көшелеріне электр жарығы тартылды. Б.Момышұлы көшесі асфалттанды. Жібек жолы көшесенің екінші бөлігіне жүргіншілерге арналған тротуар төселді. Айша бибі кесененің жолы кеңейтілді.
Бесағаш ауылына апарар жолды ағымды жөндеуден өткізуге, Мырзахметов, Жамбыл, Абай көшелерін жарықтандыруға қаражат қаралды.
Қарой ауылдық округінде әмбебап спорт кешенінің құрылысы басталса, Мұқанов 1,2,3 және Үсіпбеков көшелерін асфальттауға бюджеттен қаржы қаралды. Сондай-ақ жуырда ауылда қаройлықтардың өтінішімен ҰОС ардагерлеріне арналып ескерткіш орнату жұмыстары басталады.
Бұдан бөлек, алдағы бюджеттік нақтылауда жүзеге асырылатын жұмыстар да бар. Тұрғындардың талап-тілегі кезең-кезеңімен орындалу үстінде. Алда атқаратын жұмыстар жетерлік. Бастысы - тұрғындардың өтінішін орындау, - делінген жазбада