Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы Аса ауылындағы Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейіндегі соңғы қоңырауға қатысты.
Жиылған көпшілік алдында сөз сөйлеп, оқу жылының аяқталуымен құттықтады.
– Қымбатты оқушылар! Құрметті ұстаздар мен ата-аналар! Сіздерді оқу жылының аяқталуымен құттықтаймын!
Алдағы уақытта құшақтарыңызда қанатын қатайтқан жеткіншектер беделдеріңізді асқақтатып, аудан атын паш ететініне сенімім зор. Биыл ауданда 1402 оқушы бірінші сыныпқа аяқ басқалы тұрса, 11 сыныпты 790 оқушы аяқтағалы отыр. Оның ішінде 14 "Алтын белгі", 34 үздік аттестаттың үміткерлері. Баршаңызға табыс тілеймін. Егемен елдің ертеңі жолында еңбек ете беріңіздер, - деді Ерлан Қыдыралыұлы өз сөзінде.
Биыл мектеп-лицейінінен 37 оқушы түлеп ұшса, бірінші сыныпты 74 оқушы құрап отыр.