Жамбыл ауданында 8377 жасөспірім "Pfizer" вакцинасын қабылдады

Жамбыл ауданында 8377 жасөспірім "Pfizer" вакцинасын қабылдады

Аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Нұрмахан Мәуленов өңір тұрғындарының екпе алу шаралары туралы аудан әкімдігінің Facebook парақшасында тікелей эфир өткізіп, сұрақтарға толымды жауап берді.

Баспасөз алаңында сөз алған Нұрмахан Досмұханұлы:

«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді дана халқымыз. Әрбір азамат үшін отбасының амандығынан басқа бақыт жоқ. Ал қазіргідей коронавирус індеті өршіп тұрған уақытта сақтық шараларын қатаң сақтауымыз керек. Адамды да, ұлтты да талғамайтын дертпен дүниежүзі күресуде. Дендеген ауруды ауыздықтаудың жалғыз жолы – вакцина. Екпе ектіру арқылы біз қоғамдық имунитет қалыптастырып, індетке тойтарыс бере аламыз. Аудандағы бұл жұмыстар екпінді жүргізілуде.

Өңірге жеткізілген 13080 «Pfizer» вакцинасын 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 5555-і бірінші компонентін, 2822-сі екінші компонентін ектіртті. Аталған екпенің бірінші компонентін 362, екінші компонентін 218 жүкті әйел қабылдаса, ревакцинациядан 153-і өткен. 1000 емізулі ана бірінші компонентті, 558 екінші компонентті салдыртты. Жасы 60 асқан аудан тұрғындарының ревакцинациялаудан өткені 330-ға жетті. Соңғы уақытта әлемде балалардың індеткен шалдығып жатқаны белгілі. Ал «Pfizer» вакцинасы тек жүкті аналарға әсер етіп қана қоймай, іштегі шағалақтың имунитетіне оң әсерін тигізеді. Егде жастағы азаматтар ревакцинациялаудан жеңіл өтуі үшін осы екпе ұсынылуда. 

Бастысы – сақтық шараларын қатаң сақтау. Отбасымызда бізге қымбат жандар бар. Олардың өмірін тәуекелге тігуге болмайды.

Сондай-ақ аудан бойынша коронавирус індетін ауыздықтау мақсатында «Pfizer» вакцинасын  бөлек, «QazCovid-In», «СпутникV», «Sinopharm» екпелері қолданылуда. Бүгінде 39219 азамат екпенің бірінші компонентін толықтай қабылдады. Екінші компоненттің 38470 дозасы жеткізілсе, бүгінде оның 37303-і егілген. Ал ревакцинадан 11844 азамат өткен, – дейді бас дәрігердің орынбасары.

Ақжігіт Жетпісбай
10.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779