Жамбыл ауданында газбен қамтылу көрсеткіші қалай?

Жамбыл ауданында газбен қамтылу көрсеткіші қалай?

Мемлекетіміз жыл санап көркейіп, дамуыдың даңғыл жолына түсті. Дегенмен жаһандану дәуірін сезіне алмай жүрген ауылдар жоқ емес. Ауданда табиғи отынға елді мекендердің қосылу деңгейі қалай?

– «Көгілдір отын» жүйесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып отыр. Ауданның 26 ауылына газ жүйесі тартылған болса, бүгінде 13 ауылға бастапқы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 2020 жылы Ащыбұлақ, Тастөбе, Рахат, Қаракемер, Еңбек ауылдарына газ құбыры тартылса, 2021 жылы 655,3 млн теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасымен бөлініп, Жұма стансасы, Көлқайнар, Ерназар, Шайдана, Өрнек ауылдарына газ жүйесі кіргізілді. Осы тұста мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын көріп отырған Қаратау ауылын мысалға алсақ болады. 2019 жылы ауыз суы да, газ жүйесі де, байланыс операторы да орнатылмаған мекенге жыл ішінде халыққа қажеттінің бәрі жасалды. Енді бұл ауылдың көшесін жөндеп, жарықтандыру жұмыстарын назарға алатын боламыз. Осылайша, ауданда 2019 жылы газбен қамту үлесі 57,1%, 2020 жылы 61,9%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткіш 90,4%-ды құрайтын болады, - дейді Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев.

Ақжігіт Жетпісбай
03.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5543
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5691
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20661
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19295
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22755