Жамбыл ауданында учаскелік тірек пунктінің құрылыстары жүргізілуде

Жамбыл ауданында учаскелік тірек пунктінің құрылыстары жүргізілуде

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы облыс әкімінің тапсырмасы негізінде бой көтеріп жатқан Айшабибі, Шоқай, Бірлесу-Еңбек, Аса ауылындағы 4 учаскелік тірек пунктінің құрылыс жұмыстарын арнайы барып көрді.

Айта кету керек, аймақ басшысы жергілікті елді мекендердің бірінші басшылары сол ауылда тұруы қажеттігін айтқан болатын.

Бүгінде аталған ауылдарда учаскелік полиция инспекторына арналып тұрғын жайы мен бірге жұмыс бөлмесі де салынуда. Жалпы әр учаскелік тірек пунктының жалпы сметалық құны 27 млн 742  мың теңгені құрайды.

Құрылыс жұмыстарын аралаған өңір басшысы:

  • Елді мекеннің жай-күйі сол ауылдағы әкімнің, мектеп директорының, медицина саласы қызметкерінің, учаскелік полиция инспекторының тәулік бойы бақылауында болуы қажет. Жіті бақылау болуы үшін жергілікті басшылар сол ауылда қоныстануы керек. Бүгінде учаскелік тірек пунктінің құрылыстары көрнекі жерге орналастырылғаны дұрыс. Құрылыс сапасы ұдайы назарда болуы қажет, - деді Ерлан Қыдыралыұлы

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
15.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5169
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5332
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18933
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22394