Жамбыл ауданындағы 9 ауыл биыл көмір жақпайды

Жамбыл ауданындағы 9 ауыл биыл көмір жақпайды

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы 9 елді мекенді "көгілдір отынмен" қамтитын орталық магистралдағы газ тарту жұмыстарының барысын көрді. 

Айта кету керек, Жамбыл ауданына қарасты Рахат, Ащыбұлақ, Шайдана, Еңбек, Тастөбе, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназардағы ауылішілік көшелер қазылып, газ құбыры тартылып, әр аулаға тетіктер орнатылған болатын. Аталған ауылдарға жеткізілетін газ бір арнаға тоғысады. Яғни, орталық магистралдағы газ құбырының жұмыстары аяқталғаннан соң, бір мезетте 9 ауылға "көгілдір отын" қолданысқа беріледі. 

Құрылыс жұмыстарын көрген Ерлан Қыдыралыұлы:

- Биыл тұрғындар көптен күткен табиғи отын қолданысқа беріледі. Бүгінде орталықтағы газ құбырын ауыстыруға республикалық бюджеттен 660 млн теңге жуық қаражат бөлінген. Дегенмен ауыл азаматтарына қайырылатын өтінішім бар. Өңіріміздегі 9 елді мекеннің тұрғындары ауласына жеткізілген газ құбырын үй іргесіне өздері тартып, ошақ, мұржасын туралай беруі керек. Ауылдар газ берілген жағдайда толықтай қосылуға мүмкіндік алғаны жөн. Осы мәселені ауыл әкімдері тағы да бір пысықтап, жұртшылыққа жеткізуі қажет. Ауылдар қатты отынның қамына емес, табиғи газдың қарекетіне кіріскені дұрыс, - деген Ерлан Қыдыралыұлы салалық орынбасары Нұрлан Несіпбековке тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
13.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5169
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5332
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20295
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18933
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22394