Жамбыл – БҚО арасында ынтымақтастық артады

Жамбыл – БҚО арасында ынтымақтастық артады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған делегация Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды.Топ құрамында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, «Тараз» ӘКК» АҚ төрағасы, шаруа қожалық жетекшілері мен кәсіпорын өкілдері бар. Олар аталған өңірдегі өндіріс ошақтарының жұмыс барысымен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
Жұмыс тобы «Оралагрореммаш» АҚ-ның жұмысын көрді. Кәсіпорын 60 жылдан астам уақыт бойы ел нарығын қажетті арнайы техникамен, сыйымдылық-құю техникасымен және металл конструкцияларымен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде 210 адам тұрақты еңбек етеді.
Топ мүшелері «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ-ға барды. Зауыт арнайы өнімдерді өндіру, жоғары технологиялық мұнай-газ жабдықтарын, энергетикалық жабдықтарды әзірлеу және өндіру бойынша Қазақстандағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Газ турбиналық қондырғыларға сервистік қызмет көрсетеді, тазалау мен дәнекерлеудің барлық түрлерін: вакуумдық дәнекерлеуді, механикалық өңдеу және басқа да қызмет түрлерін көрсетеді.
Бұдан бөлек «Теректі май комбинаты» ЖШС-не барды. 2009 жылы құрылған кәсіпорын өсімдік майы мен шрот өндіреді. Өндіріс ошағы жылына 50 мың.тонна шикізат өндеуге (өсімдік майы – 19,8 мың.тонна, шрот – 26,4 мың.тонна) қауқарлы. Отандық өнім еліміздегі өңірлермен қатар, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан сынды мемлекеттерге экспортталады.
Сондай-ақ «Гидроприбор» АҚ-ның, «Мусаева Д.» жеке кәсіпкерлігінің жұмыс барысымен танысты.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов бастаған топ БҚО-ның әкімі Нариман Төреғалиевпен кездесті.
Жиында қос өңірдің ынтымақтастығын арттыру мәселесі талқыланды.
Нариман Төреғалиев өндіріс ошақтарының мүмкіндіктерін пайдалану, оларға қолдау көрсету мақсатында бірлескен жұмысты күшейтуді ұсынды. Сонымен қатар жамбылдық кәсіпкерлер өндіретін өнімдерді БҚО-на жеткізіп, тікелей сату бойынша ұсыныстарын білдірді.
Өз кезегінде Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының мүмкіндіктері мен көрсеткіштеріне тоқталып, ұсыныстарды қолдайтынын жеткізді.
Жиын қорытындысы бойынша өңіраралық ыңтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
13.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 54
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 156
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 50
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 154
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 43
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 120
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 264
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 267
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 477
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 439

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9138
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8537
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11764
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9531
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10744