Жамбыл облысы Қордай ауданындағы белсенді оқырманымыздың Үндеуі: Газеттердің тәуірі – «Qazaqstan dauiri»!

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы белсенді оқырманымыздың Үндеуі: Газеттердің тәуірі – «Qazaqstan dauiri»!

Газетіміздің экспедициясы аясында ұйымдастырған көшпелі дөңгелек үстел нәтижесіз болмады. «Ұлттық идеологиямыздың қайнар көздері» атты  жиын барысында ұрпақ тәрбиесіне, білім беру сапасына қатысты көптеген ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ соңғы кездері ел көлемінде құлдырап кеткен мерзімді басылымдарға жазылым мәселесін жандандыру жөнінде Қордай ауданындағы белсенді оқырманымыз Үндеу көтерді.

Қордай сапары кезінде Қаракемер ауылының тұрғыны, №14 Әбіл Нүсіпбаев атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Болат Төрееев ауылдастарының біздің газет-журналымызға толық жазылатынын сүйіншілеп жеткізді. Мектеп ұстазының республика жұртшылығына бағыттаған Үндеуінің толық мәтіні төменде. 

«Газет оқу – зиялылықтың белгісі. Ахмет Байтұрсыновтың «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Қазіргі таңда ақпарат алмасудың заманауи тәсілдері де көп. Бірақ газет оқу мәдениеті – қашанда талғамы жоғары оқырманның талабы. 

Газетке басылатын сөздің мағынасы зор, ықпалы ерекше. Ел азаматтарының ізгі істері, қоғамдағы өзекті мәселелер жайын газет бетінен табасыз.

Сонымен қатар газеттер қоғамдағы түрлі проблемаларды назардан тыс қалдырмай, келеңсіздіктерді шешуде белсенділік танытып келеді. Бұл жерде газеттің басқа ақпарат құралдарынан басты артықшылығы – оның сенімділігі мен өміршеңдігінде.

Құрметті жерлестер! 

Мен сіздерге «Газеттердің тәуірі – «Qazaqstan dauiri» деп айтқым келеді. Себебі қайғылы Қордай оқиғасы туралы Сәуле Мешітбайқызы «Qazaqstan dauiri» газетін бастап келіп, қордайлықтардың, соның ішінде қаракемерліктердің мұң-мұқтажы жайлы газет бетінде бірнеше көлемді мақала жариялады. Осы мақалалардың пайдасы өте зор болып, мәселелердің оң шешілуіне ықпал етті. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының көтерген жаңа мектеп салу туралы мәселесінің іске асуына да халықаралық «Qazaqstan dauiri» газетінің ұжымымен, Сәуле Мешітбайқызының еңбегі зор. Бірліктің арқасында осындай игі тірліктер болады. Алла Тағала сіздерге күш-қуат берсін! 

Қордай жұртшылығы алдында қаракемерліктердің атынан сізге басымды иіп, алғыс айтамын. 

Біздің мектептің ұжымы және ауыл тұрғындары сіз басқарып отырған газет-журналдарға бірауыздан жазылады деп сендіргім келеді! 

Баспасөзге жазылу – ерікті. Бірақ бүгін оқырманды газетпен емес, газетті оқырманмен қамтамасыз ету қажеттілігі туған кезең келді! 

Біздің, мектеп басшыларының міндеті – осындай газет-журналдарға жазылуды ұйымдастыру деп білемін. Ол жұмыс біздің қолымыздан келеді.

Құрметті отандастар! 

Егер сіз сенімді әрі шынайы ақпарат алғыңыз келсе, еліміздің ғана емес, өзіңіздің де тағдырыңызға бейжай қарай алмасаңыз, «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналына жазылыңыз! Болашақты бірге қалайық!»

БОЛАТ ТӨРЕЕВ, 

№14 Ә.Нүсіпбаев атындағы орта мектеп  директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,

Қаракемер ауылы

 

Сондай-ақ, бұл үндеуді мектеп директорлары, Шу жастарының атынан сөз сөйлеген аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Ғани Қойбағаров пен мойынқұмдық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Нұрислам Бейсенбек те қолдап, жазылымның үгіт-насихатына үлес қосатындарын жеткізді. Ал Тараз қаласынан Аналар кеңесінің  төрайымы, профессор Жанат Сарыбекова үн қосты.

 

22.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281