Жамбыл облысында биыл 22 елді мекенге газ тартылады

Жамбыл облысында биыл 22 елді мекенге газ тартылады

Биыл Жамбыл облысындағы 22 елді мекендегі 26 485 жергілікті тұрғынды көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде  басқарма басшысы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, өткен жылы ауыз сумен, жылумен, газбен қамту, тұрғын үйлерді жөндеу бағытында 145 жоба іске асырылған.

2022 жылдың қорытындысымен облыстағы 371 елді мекеннің 89,5 пайызында табиғи газ бар. Жалпы, халық саны 200-ден аз ауылдарды қоспағанда, 2027 жылы көрсеткіш  100 пайызға жететін болады. Ал ағымдағы жылы 22 елді мекенге көгілдір отынды жеткізу көзделуде.

Халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы аясында 2022 жылы 49 жобаны жүзеге асыру көзделсе, оның 13-аяқталып, 36 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі болды.

Айта кетейік, 2025 жылға дейін облыс елді мекендері 100 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етіледі деп жоспарлануда. Жоспарға сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

Аймақта жалпы қуаттылығы 451,3 МВт құрайтын 21 нысан жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы электр энергиясын өндіруде. Облыс жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жағынан алдыңғы қатарда екенін атап өткен жөн.

Бүгінгі таңда аймақтағы жылу энергия көздерінде жоспарға сәйкес қажетті резервтік 1 240 тонна көмір және 13 587 тонна мазут қоры жинақталған.

Биыл «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында әлеуметтік нысандардың жылыту қазандықтарын табиғи газға ауыстыру  бағытында 27 жоба іске асырылмақшы.

Бұдан бөлек Сарысу, Талас, Т.Рысқұлов аудандарында және Тараз қаласындағы 79 үйге күрделі жөндеу жүргізілетін болады.

Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары  жауаптыларға ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз ету үшін тиісті тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысының әкімдігі
27.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 44
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 40
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 47
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 45
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 140
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 145
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 332
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 325
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 948

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9023
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8419
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11647
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9403
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10629