Жамбыл облысында биыл 557,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Жамбыл облысында биыл 557,4 шақырым жол орта жөндеуден өтеді

Биыл Жамбыл облысында 557,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді. Бұл туралы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мұрат Саурықов айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде сала мамандары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Сондай-ақ 2023 жылы атқарылатын жобаларды атап өтті.

Өткен жылы  жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында 9,4 шақырым жол қайта жаңғыртудан, 605,2 шақырым жол орта жөндеуден өтті. Жалпы, өңірде 2022 жылы жол жөндеу бойынша 252 жоба іске асырылды.

Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 97 пайызды, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 82 пайызды құрады.

Биыл жол саласына 11,8 млрд. теңге қарастырылып отыр десек, 557,4 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланып отыр. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 98 пайыз, елді мекен көшелері бойынша 85 пайызға жеткізу көзделуде.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз ету үшін жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысының әкімдігі
30.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 494
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756