Жамбыл облысында былтыр көпқабатты 34 тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында былтыр көпқабатты 34 тұрғын үй пайдалануға берілді

Жамбыл облысында 2022 жылы 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның 34-і пайдалануға берілген. Бұл туралы құрылыс басқармасының басшысы Ерлан Орынбаев айтты.

Облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп  берді.

– Тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде 4 208 пәтерлі 68 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2260 пәтерлі 34 үйдің құрылыс жұмыстары аяқталды, - деді басқарма басшысы.

Ерлан Орынбаевтың айтуынша, 2022 жылы құрылыс саласында 249 жобаны іске асыру көзделсе, жыл қорытындысымен 113 нысанның құрылысы аяқталып, қалған 136 нысан ағымдағы жылға өтпелі болған.

Былтыр білім саласында – 15 нысан, денсаулық сақтау саласында – 17 нысан, спорт саласында – 4 нысан, мәдениет саласында – 1 нысан пайдалануға берілген.

Аталған жобалар «Нұрлы жер», «Өңірлерді дамыту», «Ауыл – ел бесігі»  мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асуда.

Айта кетейік, өткен жылы 20 алқапта инфарақұрылым бойынша 33 жобаның құрылысы жүргізіліп, жыл қорытындысымен 27 нысанның құрылысы аяқталды. Нәтижесінде, 3198 жер телімі кезекте тұрған азаматтарға таратуға дайын болды.

Жиын қорытындысымен облыс әкімінің орынбасары жауаптыларға құрылыс жұмыстары сапалы әрі мерзімінде тапсырылуы керектігін атап өтіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысының әкімдігі
25.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 166
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 453

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758