Жамбыл облысында Д. И. Менделеев атындағы РХТУ-нің филиалы ашылады

Жамбыл облысында Д. И. Менделеев атындағы РХТУ-нің филиалы ашылады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басшылығымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ базасында Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің филиалын ашуға қатысты мәселелер талқыланды.

Д.И. Менделеев атындағы РХТУ, М. Х. Дулати атындағы ТарӨУ және «Қазфосфат» ЖШС арасында кадрларды бірлесіп даярлау туралы үшжақты келісімге қол қойылды. Меморандум аясында биыл химиялық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлау үшін 25 білім беру гранты бөлінді. Түлектер қос диплом алып шығады.

Университеттер ғылыми-техникалық, зерттеу және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Облыс мектептерінде химия, математика және физика пәндерін оқыту деңгейін арттыру, жаратылыстану цикліндегі пәндерді тереңдетіп оқыту жүйесін ұйымдастыру үшін «Менделеев сыныптарын» ашу жоспарлануда.

Кездесу барысында «Жамбыл облысының педагог кадрларға  қажеттілігін болжау және зерттеу  әдістемесі» жобасы таныстырылды. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы-ректоры Мұхтар Байжұманов жоба білім басқармасы ұсынған статистикалық деректер негізінде және демографиялық жағдайды ескере отырып әзірленгенін атап өтті.

Облыс әкімі білім басқармасына мәліметтер негізінде алдын ала нақты іс - шаралар жоспарын құруды, цифрландыру басқармасына – ақпараттық жүйенің қауіпсіздігі мәселелерін зерделеуді, денсаулық сақтау басқармасына – университетпен бірлесіп денсаулық сақтау саласында кадрлар даярлау мәселелері бойынша да осындай жобаны дайындауды тапсырды.

Басқосуда тараптар су шаруашылығы саласындағы да кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
26.06.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 358
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641