Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында 86 жоба жүзеге асады

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында 86 жоба жүзеге асады
 

Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласында 86 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова айтты.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеровтің төрағалығымен өткен кеңесте басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Жанар Оспанованың айтуынша, өңірді дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес тиісті кезеңде салада 86 жоба іске аспақ. Атап айтқанда, облыс бойынша 15 денсаулық сақтау нысаны мен 2 емхананың, Тараз қаласында 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансері мен Байзақ ауданында 250 келушіге арналған емхананың құрылысы  жүргізіледі.

— Бұдан бөлек 6 дәрігерлік амбулатория мен 18 медициналық пункт, 2-і фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын жүргізу көзделуде. Қосымша 17 денсаулық сақтау нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Барлық жобалар ауылдарды тиісті медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге және халықты  сапалы қызметпен қамтуға мүмкіндік береді, — деді басқарма басшысы.

Аталған жобаларды іске асырудың нәтижесінде денсаулық сақтау ұйымдарының тозу деңгейі айтарлықтай төмендеп, медициналық құралдармен жабдықтау деңгейі жақсара түседі деп күтілуде.

Сондай-ақ өңірдегі дәрігерлер тапшылығы мәселесін шешу мақсатында жұмыстар қолға алынған. Бүгінгі таңда облыстың грантымен жалпы медицина мамандығы бойынша 42 студент білім алуда. Ағымдағы жылы жоғары оқу орнынан кейін 16 дәрігер жұмысқа кірісті. Соңғы 3 жылда 415 жас маман келді. Оларды тұрақтандыру мақсатында көтерме ақы, жәрдемақы бөлу және тағы басқа жеңілдіктер қарастырылған.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда жергілікті бюджет есебінен 9,1 млрд. теңгеге материалдық техникалық базаны нығайту мақсатында медициналық құрал-жабдықтар мен бұйымдар алынған. Нәтижесінде, облысты медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 91,96 пайызды құрады.

Басқосу барысында басқарма басшысы тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту, ауру көрсеткіштеріне жеке-жеке тоқталып, бірқатар мәселелерді атап өтті.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.

Жамбыл облысы әкімдігі
25.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 171
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 52
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 167
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 45
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 134
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 281
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 496
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 454

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9152
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8551
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11778
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9546
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10758