Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын ірі жел электр станциясы салынады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Masdar компаниясының өкілдерімен кездесті.
 Компания өңірде энергия сақтау жүйесі бар 1 ГВт жел электр станциясын салу жобасын жүзеге асыруда. 
 Masdar жобасының менеджері Ернұр Жиенбаев аралық нәтижелер туралы баяндады. 
 
Жобаның алдын ала құны - 742 млрд. теңге. Қазіргі таңда жел электр станциясының аумағында геотехникалық жұмыстар жүргізілуде. Ірі ЖЭК объектісінің құрылысын 2026 жылы бастау жоспарлануда. 
 Сондай-ақ , Е. Жиенбаев Жамбыл облысында компанияның ауқымын кеңейту және «жасыл» энергетика саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлары туралы атап өтті. 
 Облыс әкімі жел паркінің еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.
 Компания өкілдерімен әңгімелесу барысында Ербол Қарашөкеев кадрларға деген қажеттілікті алдын ала сараптап, өңір тұрғындарының арасынан мамандарды даярлау мақсатында жергілікті жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату қажеттігін баса айтты.
 Қолайлы инвестициялық ахуал мен мемлекеттік қолдаудың арқасында өңірде ЖЭК секторы өте жоғары қарқынмен дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы қуаттылығы 571,3 МВт болатын 22 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.
Жамбыл облысы әкімдігі
13.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

Орман пайдаланушылардың назарына
Талас Тынысы - 15.03.2025 47
Тазалық - ортақ міндетіміз
Талас Тынысы - 15.03.2025 27
ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ ҚАЙЫРЫН КӨРЕСІҢ
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 15.03.2025 54
СЕНБІЛІК ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі - 15.03.2025 55
14 наурыз - Көрісу күні!
Жуалы ауданы әкімдігі - 15.03.2025 72

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2205
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2437
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17329
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16050
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19425