Жамбыл облысында қытайлық компания жұмысшылары наразылыққа шықты

Жамбыл облысында қытайлық компания жұмысшылары наразылыққа шықты

Наразылыққа шыққандардың айтуынша, соңғы үш жылда қытайлық компания оларға ең төменгі жалақыны төлеп келеді. 80-нен астам жұмысшы Қазақстан Президентінен көмек сұрап, басшылық барлық талапты орындамайынша жұмысқа шығудан бас тартты.

«Біз қытайлық компанияда жалдамалы жұмысшылармыз. Мұндай жағдайға шыдамайтынымызды екі айдан бері айтып жүрміз. Бізге: «Ұнамаса кетіңдер» деді. Мұнда тіпті арнайы киім де жоқ», — дейді жұмысшы Мергенбай Дабылов.

Жол учаскесі құрылысында 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылған. Бұл ретте жалақы 60 мың теңгеден басталып, 120 мыңнан аспайды. Жұмысшылардың айтуынша, 10 сағаттық жұмыс күніне бұл мардымсыз жалақы.

Қытайлық компания басшылығы жобаның өзі тиімсіз екенін айтты. Барлық есептеулер 2017 жылғы бағалау негізінде жасалған. «2017 жылдан бері құрылыс материалдарының бағасы айтарлықтай өсті. Осы себепті жалақыны көтере алмай отырмыз», — дейді компанияның бас инженері Цюань Ицюань.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Календеров мәселені тек Қытай тарапы ғана шеше алатынын атап өтті.

«Не айтатынын күтейік. Уәде еткендеріндей, үш күнде жалақыны көтере ме. Шешілмесе, Бас прокуратураға жүгінеміз», — деді ол.

 

tengrinews.kz
15.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 73
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 74
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 179
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 319
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 321
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 542
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 490

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9194
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8592
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11820
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9589
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10803