Жамбыл облысының әкімдігі мен қытайлық CAMC компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Жамбыл облысының әкімдігі мен қытайлық CAMC компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында Жамбыл облысының әкімдігі мен «China CAMC Engineering Co., LTD» компаниясы арасында онлайн-режимде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны кеңейтуге қатысты алдағы жоспарларды талқылады.

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов компания өкілдерін өңірді дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырып, Жамбыл облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымының артып келе жатқанын атап өтті.

«China CAMC Engineering Co., LTD» бас директоры Ли Хайсин өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, инженерлік-инфрақұрылым құрылысы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниеттестігін білдірді.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысын салу жобасы да жан-жақты талқыланды.

Нұржан Нұржігітов мемлекеттік бағдарламалар аясында қажетті инженерлік және теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

Кездесу барысында Жамбыл облысының әкімдігі мен «China CAMC Engineering Co., LTD» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн режимінде қол қойылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
17.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5137
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5297
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20259
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18900
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22359