Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі

Жамбыл облысының жастарына баспанаға жеңілдетілген несие беріледі
 0

Биыл «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы аясында аймақтағы жастарға жеңілдетілген баспана несиесі беріле бастайды. Алайда оның өзіндік талаптары болады.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте жан-жақты сараланды.

Жиында жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Серікбол Берікқожа аталған өңірлік бағдарламасының орындалу барысы туралы баяндады.

Облыста мемлекеттік жастар саясатын дамытудың

2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасы облыстық мәслихаттың шешімімен

(2020 жылғы 15 қазандағы №50-12) қабылданып, іс-шаралар жоспары бекітілген.

Іс-шара жоспары 11 бөлім, 94 тармақтан тұрады.

Кешенді жоспарды іске асыруға 5 жылғы 1,3 млрд теңге қарастырылған.

— Өткен жылы бағдарламаның тиімді іске асырылуын бақылау мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізілді. 94 тармақтың 80-ы орындалса, қалғаны ұзақ мерзімге жоспарланған.

Зерделеу нәтижесінде Тараз қаласы мен аудандарда бірнеше кемшіліктер анықталды. Аталған әкімдіктердегі салалық бөлімдер тапсырманың мерзімінде орындалуына баса назар аудармаған және таныспаған.

Кемшіліктер бойынша әкімдіктермен тиісті ұсынымдар беріліп, кемшіліктер түзетілді,-дей келе басқарма басшысы Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Т.Рысқұлов, Мойынқұм ауданының әкімдері бағдарламаның аудан көлемінде іске асырылуын бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беру жобасы ағымдағы жылдың шілде айында іске аса бастайды деп жоспарлануда. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды.

— Бағдарламаны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды. Бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған,-деді С. Берікқожа.

Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте — 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған — 10 787 жас бар.

Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны — 318 (2020 жылы-395) клиентті құраған.

Аталған жоба аясында жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты — 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме — 5%, бастапқы жарна — 5%.

Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Басқарма басшысы жобаға кезекте тұрған мемлекеттік, бюджеттік қызметкерлер қатыса алмайтынын, негізінен басқа ипотекалық бағдарламарда қамтылған санаттарға жатпайтын, бірақ төлем қабілеті бар жастарға басымдық беріліп отырғанын жеткізді.

Облыс әкімі бағдарламаның кей тетіктерін заңдық тұрғыда қайта қараудын маңыздылығын атап өтті.

— Бағдарламаның мақсаты жақсы. Бізге керек жоба. Дегенмен, кей тетіктерін қайта қарау керек. Ертең жастар немесе қатысуға ниеттілердің арасында түсініспестік туындамас үшін, жан-жақты саралап, шешім қабылдауға тиіспіз. Түсіндіру, ақпараттық жұмыстарды барынша жүргізу маңызды,-деген аймақ басшысы жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Жамбыл облысы әкімдігі
03.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 61
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 60
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 169
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 312
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 533
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 483

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9187
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8585
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11813
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9582
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10796